Өскемен
ясно
+18°
  • Өскемен
    +18°
  • Алматы
    +22°
  • Астана
    +18°
  • Ақтөбе
    +15°
  • Актау
    +23°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +17°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +25°
  • Павлодар
    +21°
  • Петропавловск
    +17°
  • Тараз
    +22°
  • Туркестан
    +12°
  • Шымкент
    +22°
$
467.29
+2.01
501.03
+1.83
¥
64.34
+0.24
5.35
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да полиция қызметкерлері жоғалып кеткен 11 жасар баланы тапты

Бала туыстарымен бірге Зайсан қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан "Қызыл" жер телімінегі жайлауға малды көшірген кезде жоғалған

15 маусымда түнгі сағат 00:05-те Зайсан аудандық полиция бөлімінің "102" жедел арнасына Зайсан ауданы Сартерек ауылдық округіне қарасты "Қызыл" жер телімінде кәмелеттік жасқа толмаған 11 жастағы баланың жайылымға кеткен малдың алдынан шығамын деп, белгісіз бағытта жоғалып кеткені жайлы хабарлама түскен, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Шұғыл түрде оқиға орнына шыққан Зайсан АПБ-нің жедел-тергеу тобы түнгі уақытқа және жер уческесінің таулы аймақта орналасқанына қарамастан, қол шамдарының көмегімен жақын аймақты, тау-шатқалдарды мұқият тінтіп, 4 сағат жүргізілген іздеу нәтижесінде баланы тауып, туған-туыстарына аман-есен жеткізген. 

Бала Қапшағай қаласынан Зайсанда тұратын туған-туысқандарына қонаққа келген екен. Оқиға болған күні кәмелеттік жасқа толмаған бала туыстарымен бірге Зайсан қаласынан 150 шақырым жерде орналасқан "Қызыл" жер телімінегі жайлауға малды көшірген. 

Баланың туған-туыстары жеткіншекті аман-есен табылғанына қуанып, іздеу жұмыстарын жедел ұйымдастырып, кәсіби қырағылық танытқаны үшін тәртіп сақшыларына өз алғыстарын жеткізді. 
Следующая →