Өскемен
пасмурно
+4°
  • Өскемен
    +4°
  • Алматы
    +6°
  • Астана
    -3°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +9°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -4°
  • Көкшетау
    -3°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -2°
  • Петропавловск
    -3°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    +3°
  • Шымкент
    +7°
$
494.87
-0.33
520.65
-1.69
¥
68.34
4.91
-0.03
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында ірі өрт болды

"КазГПЗ" ЖШС-да ауамен салқындату аппаратының өртенуі жергілікті уақыт бойынша сағат 22:15-те компрессорлық цехта болған

Маңғыстау облысында кеше кешкісін Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытында өрт шықты. Зардап шеккендер жоқ. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
- 23.15-те Жаңаөзен қаласындағы "Каз ГПЗ" ЖШС компрессорлық цехының ауа салқындатқышында өрт болды. Өрттің таралуы мен қайталануын болдырмау үшін газбен жабдықтау тоқтатылды және қондырғының төтенше тоқтатылуы жасалды,  - делінген хабарламада. - Өрт 23.52-де сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.
Өртті сөндіруге ҚазГПЗ-нің бес өрт сөндіру бригадасы, "Өзенмұнайгаз" АҚ және облыстық  ТЖД қызметкерлері жұмылдырылды. Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.

Өрттің салдарын жою жұмыстары жалғасуда. Тілсіз жаудың шығу себебі анықталып жатыр.
- Компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ-на орналастырылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірді,  - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Өрт сөндірілгеннен кейін газ өңдеу зауытының мамандары кәсіпорынды шектеулі режимде іске қосуға кірісті.
- Қазіргі уақытта зауыттың жүктемесі шамамен 30 пайызды құрайды. Оны толық қуатына келтіру үшін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде, - деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі өрттің салдарынан ауаны салқындату аппаратының тірек құрылымы ғана зақымдалғанын атап өтті. Бұл жағдайда негізгі жабдық зақымдалмаған.

Сонымен қатар, ҚазГПЗ директоры Нақберген Төлепов оқиға кезінде химиялық заттардың ағып кетуі туралы әлеуметтік желілерде тараған қауесеттерді жоққа шығарып, алаңдауға негіз жоқ екенін баса айтты.

-  Жабдық ауа-су әдісімен, яғни кәдімгі су мен ауа көмегімен шикі газды салқындату үшін қолданылады. Жабдықта қандай да бір химиялық зат жоқ. Сондықтан зауыт қызметкерлері мен халықтың денсаулығы мен өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін сеніммен айта аламын, - деді Нақберген Төлепов.
Оның пікірінше, зауыт жұмысы алдағы уақытта толық қалпына келеді және сұйылтылған мұнай газымен қамтамасыз ету жұмыстарында ешқандай кедергі туындамайды.
- Зауыттың дайын өнім қоймасындағы сұйытылған мұнай газының мөлшері шамамен екі күн бойы аймақтағы сұранысты қанағаттандырады (шамамен 1,2 мың тонна), - делінген хабарламада.
Маңғыстау облысы әкімдігінің жедел ақпаратына сәйкес, облыстағы қоймаларда сұйытылған газдың тағы үш тәулікке қалдығы бар (шамамен 1,5 мың тонна).
- Қажет болған жағдайда Атыраудан мұнай өңдеу зауытынан аймаққа баламалы сұйытылған газ жеткізуге болады, - делінген хабарламада.
Энергетика министрлігі жақын арада зауыттың жұмысы толық қалпына келтіріледі деп сендірді 
Следующая →