ШҚО-да қонаққа кеткен жасөспірім әжесін шошытты
Немересінің қылығына алаңдаған облыстың қарт тұрғыны тіпті полицияның көмегіне жүгінген
Жасөспірімнің досына қонаққа баруы Шемонаиха аудандық тәртіп сақшыларын аяғынан тік тұрғызды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Полицияның хабарлауынша, бір күн бұрын аудандық кезекші бөлімге 65 жастағы Шемонайха тұрғыны қоңырау шалған Зейнеткер 1 маусымда кәмелетке толмаған немересі кешке үйден кетіп, оралмағанын айтқан. Тәртіп сақшылары жас жігітті іздеуге бірден кіріскен
Следующая →

- Полиция алты сағат ішінде жасөспірімнің болуы мүмкін жерлерді тексерді. Уба өзенінің жағалауында тінтіп шықты, - деп хабарлады ШҚО ДП баспасөз қызметі. - Жас жігіттің таныстары мен достарынан сұрау алынып, нтижесінде тәртіп сақшылары жоғалып кеткен жасөспірімді анықтады. Белгілі болғандай, ол осы уақыт ішінде досына қонақта болған.Полиция жасөспірімнің әжесіне қайтарылғанын, оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төнбегенін айтты.