Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Галина Денисова
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО полицейлері 16 млн теңгеден астам қарызы бар борышкерді тапты

Арыз иесінен іскерлік қарым-қатынаста болған танысы 16 000 000 теңге көлемінде қарыз алған

Өскемен қаласы Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне 32 жастағы азаматтан жеке кәсіпкердің пайдасына 16 033 389 теңге көлемінде қарызды өндіріп алу туралы жеке сот орындаушысының 08.12.2020 жылғы қаулысы келіп түсті, деп  хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

 - Борышкер барлық соманы 2018 жылдың қыркүйегінде қарыз шарты бойынша бірден алған және құжатқа сәйкес ол қарызды үш айдың ішінде, яғни сол жылдың қазан айында қайтаруы керек болған. Алайда, қарыз алушы соманың бір бөлігін қайтармай, екі жыл бойы өтініш берушіден жасырынып келген, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 
2020 жылдың соңында жәбірленуші ақша қаражатын өндіріп алу үшін сот орындаушысына жүгінген. Борышкердің тұрғылықты мекен-жайында тұрмағандықтан, оған  іздеу жарияланды. Іздестіру барасында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскемен қаласында тұратын борышкерді анықтады.

Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері қаражатты  өндіріп алу үшін сот орындаушысына борышкердің орналасқан жері туралы мәліметтерді жіберді.
Следующая →