Өскемен
Қалың бұлтты
-1°
  • Өскемен
    -1°
  • Семей
    -1°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -7°
  • Астана
  • Ақтөбе
    -4°
  • Ақтау
    +12°
  • Атырау
    +8°
  • Қарағанды
    -7°
  • Көкшетау
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
  • Тараз
    +2°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -5°
  • Шымкент
    +4°
$
491.29
562.92
¥
71.25
6.1
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Үржарда былтыр жөнделген жолдарды қайта жөндеп жатыр

Үржар ауданында былтыр жөнделген Абылайхан даңғылында қайта жөндеу жұмыстары жүргізілуде

"Жұмыспен қамту жол картасы-2020" бағдарламасы аясында ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын Абылайхан даңғылына былтыр толықтай асфальт төселіп, жаяу жүргіншілер жолы мен жарықтандыру жұмыстары жүргізілген.
- Орынбасарым аудан орталығындағы Абылайхан даңғылы бойында атқарылып жатқан жұмыстарды тексеріп шықты. Қазір мердігер компания есебінен Абылайхан даңғылындағы жасалған жолды қайтадан жөндеу жұмыстары қолға алынды, - дейді аудан әкімі Нұржан Тоқсейітов.
Егінсу ауылының да жолы басталмай жатып аяқсыз қалған көрінеді.
- Ағымдағы жылы асфальт төсемесіне даярлау жұмыстары жүргізілетін болады. Яғни, жолды қырып, тегістеп және қиыршық тас төгу жұмыстары жүргізіледі. Ал асфальт төсеу жұмыстары жоспарға сәйкес қаражат бөлінген жағдайда жүргізілетін болады, - деді аудан әкімі.

Следующая →
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар: ШҚО Үржар Жол жөндеу