Өскемен
пасмурно
-4°
  • Өскемен
    -4°
  • Алматы
    +1°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -3°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +5°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -5°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -8°
  • Петропавловск
    -7°
  • Тараз
    +3°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +7°
$
498.34
+3.47
519.72
-0.93
¥
68.79
+0.45
4.85
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Жеңіске 76 жыл: Немістің "тілін" әкелген батыр

"Даңқты" бабасын ұрпағы ұмытпасын

Бораған оқ жаңбырша жауған, өзендер қан болып аққан сұрапыл соғысты көрмей өскен біз неткен бақытты ұрпақпыз! Сол бір зұлмат жылдарда бастарын өлімге тігіп, жандарын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша жауынан беті қайтпаған қаншама ата-апаларымыз өтті бұ жалғаннан.

Екінші дүниежүзілік соғыстан тірі қайтқан көзкөрген куәгерлерден гөрі туған жерінен топырақ бұйырмай, жат жерде сүйегі қалған Отан-Ананың перзенттері көп. Ал қан майданнан аман шыққан ардагерлеріміз үшін еліне есен-сау оралудың өзі бір бақыт шығар. Ізімді жалғайды деп артына қалдырған ұл-қыздары, немере-шөберелері ұмытпай есіне алып, ерлігімен мақтанып отырса, екі есе бақыт деп білемін.

Қайырғазы Қасымбаев - дәл сондай батырдың баласы, бүгінгі күні отставкадағы полковник. Көктемнің соңғы айымен қатар келетін Жеңіс мерекесінен кейін әкесі туралы бір үзік сыр шерткенді жөн көрді. Еміреніп айтқан әңгімесін тебіреніп тұрып тыңдадым.

Естелік - сурет Қайырғазы Долданұлының мұрағатынан (6).jpg

 

Штрафбатқа түскен сарбаз



Долдан Қасымбаев - 1904 жылы Күршім ауданына қарасты Қойтас ауылында дүниеге келген. 1941 жылы аудандық әскери комиссариаттың шақыртуымен әскер қатарына алынып, соғысқа аттанады. Бірақ бұл кісінің соғыста бірінші қай майдан шебіне түскені, нақты қандай рота, батальон, полк, дивизияның құрамында болғаны, қалай соғысқаны туралы сұрағы көп, бәлкім құпия болған деректер де бар. Себебі 20-шы жылдары кәмпескелеу, қуғын-сүргін болғанда Долдан Қасымбайұлының үлкен ағасы Қытайға қашып жан сауғалауға мәжбүр болған екен. Сол үшін ағасын және туған-туысқандарын халық жауы, сатқын деп санаған. Соғыс басталып кеткенде 37 жастағы Долданды кеңес армиясы штрафбатқа жіберген болуы әбден мүмкін. Өйткені қазір ғаламтордағы "память народа" сайтынан іздесеңіз, оны 9-ыншы, 60-ыншы атқыштар дивизиясына түскен және майданға 1941 жылы, 1942 жылы қабылданған деген бір-біріне жанаспайтын әр түрлі ақпарат шығады. Ал батырдың ұлы Қайырғазы Долданұлы "әкем артымызда заградотряд болатын деп айтып отыратын" дейді.

"Заградительный отряд" деген - 1942 жылы 28-ші шілдеде Сталиннің №227 бұйрығымен жасақталған НКВД-ның арнайы жасағы. Ол соғыс кезінде қорқақтық танытқан, кері қарай қашқан, тығылып қалған, өзін-өзі өлтіруге бел байлаған сарбаздарды сол жерде атып тастауға құқылы болған. Әскердің артқа шегінбеуін қадағалап, әсіресе ерекше назарда болған штрафбатты қатты аңдыған.
- Айыпты батальонға немесе ротаға - сатқындар мен қорқақтарды, қылмыс жасағандар мен бұйрыққа бағынбағандарды, дезертирлерді жинаған. Бірақ олардың бәрі құрбандыққа шалынып, жаудың өтіне тасталды деуге болмайды. Иә, олар ең күрделі деген тапсырмаларды орындады, ең қиын деген жерлерге жіберіліп отырды. Жаудың шебін бірінші болып бұзуға, миналанған жерлерден өтуге тура келді. Бірақ ерлік жасап көзге түскендері марапатталып, еңбегі мен батырлығын ескеріп отырған, - дейді РФ тарих ғылымдарының кандидаты Владимир Дайнес.
Сірә бұл жерде, әдейі бүркемелеп қалған бір шындық бар. Өйткені 37-38-ші жылдарда қатты жүрген қанды қасап: ату, айдау, қудалау соғыс басталған кезде уақытша ғана тоқтады. Бірақ Сталин аз ұлттарды жою, халық жауы, бай-кулактардың ұрпақтарын құрту саясатын соғыс кезінде де тоқтатқан жоқ. Долдан Қасымбайұлы да штрафбатқа Алтай асып кеткен ағасы үшін түсіп қалған болуы керек.

Жау шебінен неміс офицерін әкелген


Соғыстан 1945 жылы ефрейтор шенімен оралған соң отбасымен бірге тату-тәтті ғұмыр кешкен Долдан ақсақал 1985 жылы қайтыс болады. Толарсақтан қан кешіп өткізген төрт жылды былай деп еске алған екен:

"Передовойда жаттық. Бір күні командир шақырды. Барсам қал-жағдайымды ғана сұрады да, қоя берді. Үш-төрт күн өткеннен кейін сағат түнгі 2-лерде тағы шақырды. Қасымда жүргендермен ара қатынасымды сұрады. Сыр сандығымның беріктігін тексерді. Үшінші рет шақырғанда іріктеп алды да, екі күн ешқайда шығармай бір жерге жатқызып қойды, дайындады. Арнайы белгілерді үйретті, жаттатты. Мысалы, кукушканың дауысы естілсе, "отбой" деген бұйрық. Бәрін тастап жылдам қайту керек. Содан кейін командир бір түн ішінде жаудың штабына барып келуге уақыт берді. Саперлар миналар жасырынған даладан өткізіп жіберді. Он екі сарбаз барып, немістің штабына шабуыл жасап, "тіл" әкелдік. Екі жолдасымыз жараланып қалды. Оған қоса тұтқын неміс офицеріміз бар. Бұйрық бойынша жараланған кісіні ешқашан қалдырып кетуге болмайды. Тастап кетсек, қайтадан қоя береді немесе сөзге келмей атып тастайды. Сондай қатал заң болды. Бір жылы Днепрдің екі жағында да жойқын атыс жүріп жатты. Фашистер бомбалағанда топырақ үйіндісінің астында қалып, контузия алдым. Көзім көрмейді, құлағым естімейді, сөйлей де алмаймын. Тек біреулердің мені топырақ астынан шығарып алғанын, шешіндіріп, жуындырып, киіндіргенін ғана денем сезіп жатыр. Санам - сергек, миым - сау. Басымда жалғыз ғана "мен қайда жатыр екем, жаудың қолындамын ба, өзіміздің күтімдемін бе" деген ой. Бір аптадан кейін әйтеуір есімді жия бастадым. Бір күні орыстардың дауысы шығады. Сол кезде ғана "уһ" деп көңілім жайланды. Мен өмірі түске сенбейтінмін. Бірақ контузия алып есеңгіреп жатқанда ғажап нәрсе болды: "Су - жалынға айналыпты. От-өзенмен ағып келе жатсам, ауылдағы көк бием тұр жағада. Оған талпынып, жанталасып жүзіп келем. Ақыры шылбырынан ұстап жағаға шықтым. Қарасам ар жағында туыс болып келетін Қойтастың бір азаматы тұр екен". Оянсам түсім. Бұл не болды деп ойландым. Біраз күннен кейін мені сол госпитальдан арбаға салып көтеріп шығарып жатқанда, біреу "Долда-а-ан" деп айқайлайды. Айдаладағы қырғын соғыста мені кім танып шақырып жатыр десем, жаңағы түсімде көрген өзіміздің ауылдың жігіті екен. Сол кезде қатты таңқалғанмын".

Естелік - сурет Қайырғазы Долданұлының мұрағатынан (7).jpg

Соғыс біткен соң да бір өлімнен аман қалған


Қайырғазы Долданұлы әкесі айтқан тағы бір естелікті еске алды: "1945 жылдың көктемі. Біз Берлинге жетіп қойғанбыз. Сонда Кеңес үкіметі жауға тыным таптырмай барлық күшті жұмылдырып, тоқтаусыз шабуыл жасаумен болды. Бір дивизияны ұрысқа кіргізеді де, екі-үш сағаттан кейін ол шегініп, екінші дивизияны жібереді. Олар соғысып жатқанда келесі жасақ дайын тұрады. Осылай біздің әскер бірінен соң бірі шайқасып жатты. Мен де сол құрамға қосылғанмын. Бір күні атысып шығып, қару-жарағымызды сайлап келесі ұрысқа дайындалып жатқанбыз. "Соғыс бітті. Гитлер өлді" деген хабар дүңк ете қалды. Сенер-сенбесімізді білмей, меңіреу хәлде тұрып қалдық. Әрі-сәріден кейін бәрі бас киімдерін аспанға атып қуанып жатқанда ғана шынымен аяқталды ма дедік іштей. Сонда төрт жыл бойы қан кешіп жүргенде "үйге аман-сау қайту керек, жанымызды сақтап соғысайық" деген ой басыма мүлде келмеген екен. Содан Германиядан түскен олжаның бәрін вагон-вагонға тиеп, қайтуға қамданып жаттық. Бір күні "Берлиннен елге мал айдап қайту керек, өз еркімен баратын адам керек" деген тапсырма келді. Енді бала кезден атқа мініп өскен қазақпыз ғой. "Мен барам!" дедім ойланбастан. Сонда командир "Сен - батырсың! Сталиннің адамысың! Қайдағы мал айдап қайтқан. Сені халқың құрметпен, салтанатпен қарсы алу керек" деп мені жібермей, орныма басқа жігітті қоя берді. Брест қамалына дейін сақтықта қорлық жоқ деп қару-жарағымызды тастаған жоқпыз. Одан кейін үстіміздегінің бәрін сыпырып алды. Львовқа жеткенде естідік, мал айдап қайтып келе жатқан жиырма жігіттің бәрін жолда немістер қырып тастапты. Сонда мені құдай бір ажалдан тағы да сақтап қалған екен".
- Әкемнің осы айтқандары мен қазіргі қолда бар мәліметті салыстырсам, барлығы дәл келіп тұр. "Даңқ" орденін немістен тіл әкелгені үшін алған. Екі рет "Ерлігі үшін" төсбелгісімен марапатталды. Оның біреуі бораған оқтың арасында бірінші шепке шығып, уралап ротаны шайқасқа көтергені үшін және сол мезетте үш немісті өлтіргені үшін берілген. Үш рет жараланды. Варшавада болған, Белградты азат еткен, Сталинград түбіндегі шайқасқа қатысқан. Көп жерлердің атын тіпті айтпай қоятын. "Н" биіктігін алдық, пәлен деген нүктені жауладық дейді, болды. Соған қарағанда штрафбатта жүріп соғысқан деген тұжырымға келдім. Бір емес бірнеше рет ерлік жасап, көзге түскенін, жаудың тұрағына басып кіріп бақандай екі рет немістің офицерін тірі ұстап әкелгенін зор мақтанышпен айтамын, - дейді әкесінің айтқандарын еске алып әңгімелеп берген Қайырғазы Долданұлы.

Следующая →