Жеңіске 76 жыл: Немістің "тілін" әкелген батыр
"Даңқты" бабасын ұрпағы ұмытпасын Бораған оқ жаңбырша жауған, өзендер қан болып аққан сұрапыл соғысты көрмей өскен біз неткен бақытты ұрпақпыз! Сол бір зұлмат жылдарда бастарын өлімге тігіп, жандарын шүберекке түйіп, қасық қаны қалғанша жауынан беті қайтпаған қаншама ата-апаларымыз өтті бұ жалғаннан. Екінші дүниежүзілік соғыстан тірі қайтқан көзкөрген куәгерлерден гөрі туған жерінен топырақ бұйырмай, жат жерде сүйегі қалған Отан-Ананың перзенттері көп. Ал қан майданнан аман шыққан ардагерлеріміз...