Өскеменде үш бірдей жағажайдағы волейбол алаңы ашылмақ
Кәсіби спортшылар жаттығатын алаңдар Ертіс өзенінің сол жағына салынатын болады
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар бүгін ашылуға дайындалып жатқан волейбол алаңдарын аралады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Комсомол аралында спортшыларды дайындауға арналған алаңдар салынып жатыр.
Оқу аймақтарын жабдықтау жұмыстары соңғы сатыда. Жақсылық Омардың айтуынша, барлық шаруа екі апта ішінде аяқталады. Содан кейін жағажайдағы волейбол алаңдары спортшыларды қабылдай бастайды. Олар жаттығу сабақтарын да, жағажай волейболы жарыстарының кезеңдерін де өткізуді жоспарлап отыр.
Следующая →
- Өткен жылы бізден осы жерде жағажай волейболының бірнеше алаңдарын ашуды сұраған болатын. Себебі, біздің спортшылар Бұқтырмада жаттығуы керек, ол алыс әрі қолайсыз. Сондықтан біз олар үшін қалада үш жаттығу аймағын жабдықтауды жөн көрдік, - деп түсіндірді әкім. - Көптен бері пайдаланылмаған жерде жаңа жағажай волейбол алаңдары салынуда. Қазір оны көгалдандырып, ретке келтіріп жатыр. Жағажай жасау үшін қолданылатын құмның ең жақсы түрі жақын арада сол жерге құйылады.Алаңдарды жасауды қала әкімдігінің азғантай ғана қолдауымен, қалған шығындарын өз мойнан алған компания дайындап жатыр. Компания ойын алаңдары аумағында жарықтандыруды, жуыну бөлмелерін салуды және киім ауыстыратын бөлмелерді жөндеуді жоспарлап отыр.