Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Қайтыс болғандардың кімдер екені әлі белгісіз. Оқыс оғиға орнына келген тәртіп сақшылары марқұмдарды анықтап жатыр
- Келген өрт сөндірушілер тоғыз шаршы метр аумаққа жайылған өртті сөндірді. Өртті сөндіру кезінде қызметкерлеріміз жеке тұлғасы әлі анықталып жатқан екі мәйітті тапты. Олардың өлімінің себебін сот-медициналық сарапшылар зерттейтін болады, - дейді құтқару қызметінің өкілдері.Естеріңізге сала кетейік, оқиғаның фотосуреті мен видеосы ғаламторға тез тарап кетті. Кадрларда жүк көлігінің арықта жатып, отқа оранғанын, содан кейін қалай жарылып жатқанын көруге болады. Облыстық ТЖД өртті жоюға 15 адам қатысқанын мәлімдеді.