Риддерліктерге мобильді ХҚКО көмектесуде
ХҚКО қызметкерлері өрттен зардап шеккендердің құжатын қалпына келтіруге көмектеседі
Лесхоз кентінің тұрғындарына қажетті электрондық анықтамаларды беріп, құжаттарды қалпына келтіруге өтініштерді қабылдайды. Қажет болған жағдайда мамандар көші-қон қызметіне және басқа да мемлекеттік органдарға шығады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Следующая →
- Біздің қызметкерлер оқиға орнына барып, кеңес беру және түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Риддер тұрғындарына құжаттарды жедел түрде алуға көмектесеміз. Жылжымайтын мүлікке, жерге қатысты барлық құжаттар, жеке басты куәландыратын құжаттар тегін ресімделеді, – деді Мемлекеттік корпорацияның басқарма төрағасы Әділ Қожихов.Бүгінгі күні зардап шеккендердің кейбірі құжаттардың көшірме нұсқаларын алған. Мамандар риддерліктерге көмектесуді жалғастыруда.
Тақырыптар:
Филиал госкорпорации "Правительство для граждан" по ВКО Адиль Кожихов Восстановление документов