Өскемен
пасмурно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +3°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +7°
  • Орал
    +2°
  • Қарағанды
    +4°
  • Көкшетау
    +3°
  • Қостанай
    +1°
  • Қызылорда
    +9°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +2°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    -3°
  • Шымкент
    +7°
$
448.15
-1.43
483.46
-3.48
¥
61.99
-0.23
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Қазақстандықтар Түркияға Шымкент пен Түркістан қалалары арқылы ұша алады

Осыған дейін COVID-19 таратпау жөніндегі еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі Түркиядағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Түркияға ұшатын рейстер санын қысқартуды ұсынған болатын

Turkish Airlines пен Pegasus Airlines түрік әуе компаниялары Қазақстанның Шымкент және Түркістан қалаларынан Стамбұлға рейстер ашады, деп хабарлады сәрсенбіде Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылдың 22 мамырынан бастап Стамбұл мен Түркістан арасында Түрік әуе жолдарының рейстері жоспарланған. Бастапқыда аптасына бір рейс болады.

Өз кезегінде Pegasus Airlines  әуе компаниясы 23 мамырдан бастап Шымкент пен Стамбұл арасындағы тұрақты рейстерді қалпына келтіруге ниетті. Бастапқы кезеңдегі рейстердің жиілігі аптасына бір рейсті құрайды.

- Айта кету керек, эпидемиологиялық ахуал жақсарған сайын рейстер санын кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланып отыр, - деп хабарлайды Индустрия министрлігі.


Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалатыны атап өтілген.

Осыған дейін хабарланғандай, 26 сәуірден бастап Қазақстан Түркиямен әуе қатынасын аптасына 20-дан 9 рейске дейін қысқартқан. Шешім ведомствоаралық комиссияның 14 сәуірде COVID-19 таратпау туралы хаттамасына сәйкес қабылданған. 
Следующая →