Семейдегі әскери қызметкерлер ҰСО кезінде қаза тапқандардың жерленген жерлерін тазалауда
Семей гарнизонының әскери қызметшілері қабірлер орналасқан аумақты тазалап жатыр
Соғыс кезінде қаза тапқан бірнеше жауынгердің қабірлері әскри қызметшілердің бақылауында болды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Әскерилердің айтуынша, қабірлерге зиярат ету дәстүрге айналған. Мамыр мерекелері қарсаңында әскери қызметшілер зират басына тек тазалық жұмыстарын жүргізуге ғана емес, сонымен қатар қазақ топырағында жерленген ҰОС жауынгерлерінің рухына тағзым ету үшін келеді.
Следующая →
- Семей гарнизонының әскери қызметшілері ескерткіштер, обелисктер мен қабірлерді тазалауда. Гарнизон офицерлер үйінің жанындағы әскери техника мұражайын көгалдандыруда, - деп хабарлады Семей гарнизонының баспасөз қызметі. - Сонымен қатар, соғыс жылдарында қала аумағында бес эвакуациялық аурухана жұмыс істеген. Онда қаза тапқан сарбаздар қалалық зираттар аумағындағы қабірлерге жерленген.Гарнизондағылардың айтуынша, бұл зираттардың бірі силикат зауыты ауданында орналасқан. Қалалық ардагерлер кеңесі өз қарамағына алғанша зираттар ұзақ уақыт бойы қараусыз қалған. Ардагерлер кеңесінің күшімен барлық жерленгендердің аты-жөндері қалпына келтіріліп, қабірлерге құлпытас орнатылды. Ардагерлер кеңесінің Шығыс аймақтық қолбасшылығына жасаған үндеуінен кейін Семей гарнизоны әскери бөлімдерінің сарбаздары қабірдегі тазалықты үнемі қадағалай бастады.