Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

200-ден астам Шығысқазақстандық құжатсыз өмір сүріп келген

Жеке басын куәландыратын құжаты жоқ облыстың барлық тұрғындары жергілікті көші-қон қызметі органдарына жүгінуі қажет

Ағымдағы жылдың 1 мамырында ІІМ Көші-қон комитеті және "Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстандық халықаралық бюросы" ҚБ өткізіп жатқан құжатсыз тұратын тұлғаларды құжаттандыру (бұрынғы КСРО төлқұжатын уақтылы ауыстырмағандар, туу туралы куәлікпен тұрып жатқан 18 жастан асқан тұлғалар) бойынша  акция аяқталды. Аталған акция 2020 жылдың 24 қыркүйегінде республика көлемінде басталған.

Акция өткізу кезінде, яғни 2020 жылдың 24 қыркүйегінен бастап Шығыс Қазақстан аумағында құжаты жоқ 231 тұлға анықталды, оның ішінде 209 тұлға қазіргі уақытта құжаттарын қолына алды (197 адам - ҚР жеке бас куәлігімен, 12- адам азаматтығы жоқ тұлға куәлігімен құжаттандырылды).

Көп жағдайда бұл санаттағы тұлғалар, әртүрлі себептермен қиын жағдайларға тап болып, құжаттарынның болмауына байланысты әлеуметтік көмектен қағылып, ресми түрде жұмысқа тұру мүмкіндіктерінен айрылғандар. Сол себепті ШҚО ПД Көші-қон қызметінің қызметкерлері олардың Қазақстан Республикасы аумағындағы мәртебесін реттеу мақсатында жан-жақты құқықтық көмек көрсетуде. 

ШҚО ПД бұған дейін әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүргізіліп жатқан акция туралы халықты сан мәрте хабардар етіп, көші-қон қызметі түсіндіру жұмыстарын жүргізді. 
Следующая →