Семей өрт сөндірушілер жеті баланы жалын құшағынан алып шықты
Өрт бүгін түстен кейін қаладағы көпқабатты үйлердің бірінен шыққан
13.30 шамасында Физкультурная көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің бірінде өрт шықты. Тілсіз жау туралы бізге тоғыз қабатты үй тұрғындары хабарлады.
Құтқарушылар тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін және тілсіз жау бір сағат ішінде ауыздықталғанын мәлімдеді.
- Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жетінші қабаттағы балконды толықтай жанып, жалын сегізінші қабатқа кетіп бара жатқанын көрген, - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі. - Өрт сөндіру кезінде жалын құрсауында қалған 29 адам құтқарылды, оның жетеуі – балалар.
Құтқарушылар тұрғындардың өміріне ешқандай қауіп жоқ екенін және тілсіз жау бір сағат ішінде ауыздықталғанын мәлімдеді.
Следующая →