Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО дүкендерінен қару сатып алу оңай ма?

Кез келген адам үйінде қару-жарақ ұстай алмайды, оның да өз тәртібі бар

Жаугершілік замандарда қазақ халқы бес қаруы сай болмаса ер жігітті "батыр" деп санамаған. Атой салып, ұрандап жауға шаппаса да күнделікті тұрмыста кісе белдік тағынып, қанжар, кездік асынып, бүлдіргесін білегіне іліп қамшы ұстап жүру - түркілерден қалған салт еді.

Замана төңкеріліп түсіп, бастан дәурен көшіп, мұндай кіріптар дәуірге тап боларымызды бабаларымыз ойламаған да шығар. Тұрмысы тұқыртқан, тауқыметі көп мына кезеңде қамшыдан басқа дүниенің бәрі суық қаруға айналды. Ал суық қаруды пайдаланған адам - мемлекеттің Ата заңымен жазаланады. Ілгерінің қаруы дегенде көзімізге семсер, қылыш, шоқпар, сойыл, найза, садақ елестесе, қазір ойымызға бірден мылтық, тапанша, автомат, пулемет, граната, бомба келеді. Қазіргі заңымыз қос ауыз мылтық түгілі үйдегі нан турайтын пышақтың өзін суық қару жатқызып тастады емес пе?! Бәлкім, әлемдегі басқа мемлекеттерде заң бөлек шығар, бірақ Қазақстанда жоғарыда аталған қару-жарақтың қайсысын болса да пайдаланып, өзіңізбен бірге көшеде алып жүрсеңіз - затыңызды тәркілейді, өзіңіз қомақты айыппұл төлейсіз, тіпті сотталып кетуіңіз де ғажап емес.


Қару тұрмақ, оқ дәрі де кім көрінгенге сатылмайды


Шығыстың басқа қала мен аудандарын есепке алмағанда, облыс орталығы Өскеменнің өзінде балық аулау мен демалысқа арналған құрал-жабдықтарды сататын 13 дүкен бар екен. Сәрсенбінің сәтті күнінде таңертеңгі жұмыс уақыты басталысымен бұрын-соңды кіріп көрмеген, нағыз қару-жарақ сататын 4 дүкенге бас сұқтым.
- Егер сіз жаңадан бастаған адам болсаңыз, ең әуелі "Аңшы куәлігін" алу керек. Ол үшін облыстық аңшылар мен балықшылардың қоғамдық бірлестігіне тіркеліп, қаруды дұрыс пайдалануды үйрететін арнайы курстан өтесіз. Бірлестікке мүше болған соң толық медициналық тексерістен өтіп, наркологиялық, психологиялық диспансерлерде тіркеуде жоқ, сотталмаған деген анықтама жинайсыз. Қолыңызға аңшылық куәлігін берген соң, Полиция департаментінен қару сатып алу үшін берілетін рұқсат қағазды ала аласыз. Әрине, әр құжат үшін төлейтін өзінің белгілі жарнасы да бар. Сол лицензиямен қалаған қаруыңызды сатып алуға әбден болады. Одан бөлек, үйіңізде оны сақтайтын арнайы сейф, сейфтің дабылқаққышы болуы міндетті. Оны учаскелік инспектор айына бір мәрте келіп тексеріп тұрады, - дейді аңшылық дүкендердің бірінің сатушысы Татьяна Васильевна.
Бұл дүкенде құны 50 000 теңге мен 6 миллион теңгенің арасындағы қару-жарақтың түр-түрі бар. Қараған көздің жауын алады. Құжаттарыңызды түгендеп, ақшаңыз жетсе болды. Шертіп жүріп таңдай аласыз.

Аңшы куәлігі мен қару-жарақты пайдалану лицензиясын алған адам оны қай бағытта қолданатынын айтады. Егер тау, орман, даланы кезіп аң ату үшін емес, тек өзін-өзі қорғау мақсатында сатып аламын десеңіз, сіздің рұқсат қағазыңызға "аң ату құқығынсыз" деген мөр басып береді.

Аңшылық куәлігі 10 жылға берілсе, қару қолдану лицензиясы 5 жылға ұзартылып отырады. Яғни, әр бес жыл сайын куәліктен басқа құжаттарды қайта жаңарту керек деген сөз.

Қазақстан көшесіндегі тағы бір дүкеннің сатушысы ақпарат та бермеді, суретке түсіруге де тыйым салды. Мен одан тек сөредегі қарулардың бағасын сұрай алдым. Мұнда бұрын қолданылған мылтықтардың ең арзаны 20 000 теңгеден бас-талса, жаңа мылтықтар мен автоматтар 150 000 теңгеден жоғары. Сатушы дүкендегі ең қымбат қару бір жарым миллион теңге тұратынын айтты.

Өңірімізде қанша аңшы бар екенін білу үшін "Охотсоюзға" ат басын тіредім.
- Шығыс Қазақстан облысында ресми түрде тіркелген 4500 аңшы бар. Олар өздері келіп, аңшылық жарнасын төлеп, жолдама алып кететіндер. Бұл бірақ нақты сан емес. Өйткені бізді бірлестіктің базасында жоқ аңшыларды қосқанда одан да көп. Аңшы куәлігін иемдену үшін 20 сұрақтан тұратын тест тапсырасыз. Жиырма сұрағына дұрыс жауап берсеңіз, курстан өткені туралы сертификат табысталады, - дейді облыстық Аңшылар мен балқшылар қоғамдық бірлестігің заңгері Оксана Михайловна.

Алматы мен Түркістанда тал түсте атыс болды


Жуырда ғана қазнетті шулатқан бейнежазбалардың бірі Алматыда, бірі Түркістанда түсірілгені белгілі болды. Әлқиссасынан бастайық...

24 сәуірде Алматы қаласының Бұқар жырау бульварындағы "Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінде белгісіз ер адам мен күзетші арасында келіспеушілік туындап, ер адам өзінің аңшылық мылтығымен күзетшінің аяғынан атып жіберген. Бұл оқиға тапа-тал түсте, түрғын үй кешенінің қарауыл бекетінде, тұрғындардың көзінше болды. Екеуінің жанжалдасып қалған сәтінен бас-тап, қылмыскердің қолына мылтығын алып қалай атып жібергеніне дейін сол жердегі бақылау камераларының біріне түсіп қалған. Артынша, күдікті сол үйдегі пәтерлердің біріне тығылып, келіссөз жүргізуге келген Алматы тәртіп сақшыларымен диалогқа түсуден бас тартты. Тіпті, үйдің баспалдақ аумағына қарай 10 шақты рет оқ атқан. Екі жақ бір-бірін аңдысып отырғанда, ер адам жасырынып жатқан пәтерінің балконына түсініксіз бірдеңелер жазылған плакатты іліп, өзі 17-ші қабаттан секіріп кеткен. Мылтық асынып, күзетшіге оқ атқан ер адам Ресей азаматы болып шықты.

Дәл сол күні еліміздің рухани астанасы саналатын Түркістанда да көше ортасында атыс болған. Белгісіз біреулер жарақаттайтын (травматикалық) қарудан оқ атып, көшені бойлай қашады. Қарулы шабуыл сәтін сол жердегі тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алып, желіге жүктеген. Түркістан полициясы оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтады. Енді оларды қолға түсірудің шаралары қарастырылып жатыр, деп хабарлады kaz.tengrinews сайты.

Екі жағдайға қатысты мынадай сұрақтар туындайды: айдың-күннің аманында, елдің көзінше болған екі атысқа кім кінәлі? Шабуылдаушылар қаруды қайдан алған? Оларға мылтықтарын асынып, көше кезіп жүруге кім рұқсат берді? Ұсталғаннан кейін қарулары сараптамаға жіберіліп, қай жерден, қашан сатып алғаны анықталды ма? Дәл сол мезетте жазатайым жағдай болып, бейбіт тұрғындардың біріне қаңғыған оқ тимесіне кім кепіл?


Үйіңдегі қаруды өткізсең, сыйақы береді


Осындай оқыс оқиғалардың алдын алу мақсатында ІІМ бастамасымен кейінгі он жыл көлемінде "Өз еркімен қару өткізу" науқаны жүргізіліп келе жатыр. Қазақстандықтар үйдегі мұраға қалған, өзі пайдаланбай шаң басып тұрып қалған қаруларын жай ғана тапсырып қоя салмайды. Қарудың маркасына, шыққан жылына, жарамдылығына қарай сыйақы да тағайындалған. Сол үшін жыл сайын мемлекет қазынасынан 10 млн теңге көлемінде арнайы қаражат бөлінеді екен. Шығыс Қазақстанда аталмыш науқан 20 сәуірде бас-талды. Қылмыстың азаюына бұл жобаның қаншалықты әсері я пайдасы тиетіні бізге беймәлім, дегенмен қора-қопсыда ұмыт қалып қойған немесе сандықтарына тығып, көзінің қарашығындай сақтап жүрген отты қаруларды үкіметке өткізіп, жақсы-жақсы сыйақы алып жатқандар да баршылық.

Заң - фото ШҚО ПД баспасөз қызметінен (1).jpg

Облыстық полиция департаменті қызметкерлерінің айтуынша, өткізуге әкелген қаруды ең алдымен арнайы сарапшы-мамандар тексеруден өткізеді екен.

Сараптама қорытындысы шамамен екі ай уақыттан кейін белгілі болады. Берілетін сыйақы көлемі де қарудың маркасына, пайдалануға қаншалықты жарайтындығына, сақталуына және шыққан жылына қарап тағайындалатын көрінеді.

Тіпті жақында облыс тұрғындарының бірі құзырлы органдарға ХІХ ғасырдан қалған қаруды тапсырған болатын. Облыстық Полиция департаменті ұсынған ақпаратқа сүйенсек, сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша аталған қару Тула қару-жарақ зауытында шығарылған, шебер Н. Кураковтың 1889 жылғы үлгідегі 13 калибрлі, тегіс қос ұңғылы, сүмбіл шүріппелі аңшылық мылтығы, яғни атыс қаруы екен. Аталған мылтық екі ұңғыдан да атуға жарамды.

Заң - фото ШҚО ПД баспасөз қызметінен (3).jpg
- Ер адамның айтуынша, ол сирек кездесетін мылтықты марқұм анасының қоймасында қажет емес ескі заттарды реттеп жүген кезде тауып алған, - дейді Полиция департаментінің бастығы Сағат Мәдиев. - Халықтан заңсыз сақталған атыс қаруы мен оқ-дәрілерді сатып алу жөніндегі комиссия құрамы қала тұрғынына қару үшін 60 000 теңгеден астам қаражат төлейтін болады. Осылайша, тіркелмеген қару мен оқ-дәрілерді ерікті түрде тапсыру науқанының екі күнінде облыс бойынша халықтан 5 млн теңгеден астам қаржыға 79 дана қару (11 - ойық, 68 - тегіс ұңғылы) қабылданды.
Қора-қоймасында тұрған қару-жарақты тығып қалғандар да жоқ емес. Мәселен, Үжар аудандық полиция бөлімі мәлімдегендей, Бахты ауылына қарасты Жаңатезек қыстағында заңсыз сақталған 2 дана - тегіс, бір ұңғылы Иж-К маркалы 10 калибрлі және Иж-18 маркалы 12 калибрлі аңшылық қаруы тәркіленді. Одан өзге, Ақжарлы ауылында МЦ-21-12 маркалы 12 ұңғылы тағы бір мылтықты заңсыз сақтаған азамат анықталды.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қаруды заңсыз сақтамаңыз. Үйіңізде жатса, өткізіп тастаңыз. Ал аса қажет болса, заңдастырып, бүкіл талаптарды қатаң сақтаңыз.

Следующая →