Ұлттық ұлан офицері әйелді өрттен аман алып қалды
29 сәуір күні сағат түнгі 23.00 шамасында Өскемен қалалық жедел басқару орталығынан Амурская көшесінің бойындағы 14 үйдің пәтерінен өрт шыққандығы туралы жедел ақпарат түседі
Дәл осы кезде аталған аумақта патрульде жүрген 5518 әскери бөлімінің тәртіп сақшысы капитан Азамат Сеитов дереу мекенжайға келіп жетеді.
Следующая →
- Бұл кезде пәтер иесі өрт шыққанын тіпті өзі де сезбестен шырт ұйқыда жатқан. Капитан Азамат Сеитов әйелді ұйқысынан оята салысымен, оны дереу далаға шығарып, құтқарушылар келгенше өздігінен өртті ауыздықтап үлгерді, - дейді "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің бастығы Бағдат Амангелді.Кейіннен өрт қосулы күйде қалған электр плитаның кесірінен шыққандығы анықталды.