Өзенге құлап түскен ер адамды екі семейлік құтқарып қалды
Бүгін Семей қаласының құтқарушыларына понтон көпірінде болған оқиға туралы ақпарат келіп жетті
ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті суға құлаған адамды құтқарудың егжей-тегжейін айтты, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Белгілі болғандай, жақын жерде ойнап жүрген балалар өзенде ағып бара жатқан адамды көріп, жақын жерде тұрған екі ересек кісілерге айтқан. Екі жас қазақ жігіттері бірден көмекке асығады. Өзен ағысымен кетіп бара жатқан адамды көріп, олар жағалау бойымен жүгіріп отырды.
Следующая →

- 22 жастағы Әбілмансұр Төлеуғали суға түсіп, батқан адамды шығарып алды, ал оған досы Мерей Мауытбеков көмектесті. Мерей жедел жәрдем дәрігерлері келгенге дейін ер адамға алғашқы көмек көрсетті, - деді ШҚО Төтенше жағдайлар департаментінде.Дәрігерлер зардап шегушіні медициналық мекемеге жеткізді. Ол қазір ес-түссіз жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр.