Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Ескі қаруды үкіметке тапсырған шғысқазақстандық 120 мы теңге алды

Қазақстанның шығыс аймағында 20 сәуірден бастап отты қару-жарақ пен оқ-дәрі және жарылғыш заттарды сатып алатын республикалық науқан жүріп жатыр

Шығыс Қазақстан тұрғыны полицияға екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі тапаншаны тапсырды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

23 сәуірде Алтай ауданының 63 жастағы зейнеткері аудандық полиция бөліміне магазинінде үш оғы бар, қабына салынған тапашаны табыстады.
- Сот-баллистикалық сараптама нәтижелері бойынша бұл қару 1900 жылы шыққан, калибрі 7,65 мм, зауыт нөмірі 166710 сериялы, өздігінен оқталатын "Браунинг" тапаншасы болып табылады. Яғни, ол - атысқа арналған қару, - деп мәлімдеді ШҚО полиция департаменті.
Аудандық полиция бөлімшесі тапаншаның оқ атуға жарамды екенін атап өтті.
Қару Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде АҚШ пен Бельгия әскерінің бірінде болған. Шығысқазақстандық зейнеткер тапаншаны Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан атасының жертөлесінен тауып алғанын айтты. Оқ-дәрі салынған қару тарихи құндылық ретінде полиция департаментінің мұражайына беріледі.
- Заңсыз сақталған атыс қаруы мен патрондарды тұрғындардан сатып алу жөніндегі комиссияның құрамы тартихи жәдігер үшін 120 000 теңгеден астам ақша төленеді деп шешті. Осылайша, үш күн ішінде аймақта тіркелмеген қару-жарақ пен оқ-дәрілерді өз еркімен тапсыру кезінде шамамен 7 миллион теңгеге 110 дана қару-жарақ (15 - мылтық және 95 тегіс ұңғылы қару ) қабылданды, - деді Шығыс Қазақстан облыстық ПД басшысы Сағат Мадиев.
Аймақтың кез келген ересек тұрғыны оқ-дәрі немесе қару-жарақ тапсырып, сол үшін ақшалай сыйақы ала алатындығы атап өтілген. Аталмыш науқан кезінде полиция бөліміне тіркелмеген қаруды әкелген адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

Следующая →