Өскемен
облачно
+24°
  • Өскемен
    +24°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +9°
  • Ақтөбе
    +10°
  • Актау
    +15°
  • Орал
    +12°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +6°
  • Қостанай
    +5°
  • Қызылорда
    +16°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +5°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +9°
  • Шымкент
    +19°
$
441.66
475.14
¥
61
4.86
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

15 сәуір – Қазақстанда ғашықтар күні

Бұл мереке ұлттық нақышымен ерекшеленеді. Сегізші ғасырдан бері сақталып келе жатқан "Қозы-Көрпеш және Баян-Сұлу" халық эпосымен байланысты

Шынайы махаббат пен пәктік , қарым-қатынастың тазалығы мен әсемдігін көрсетуге арналған мереке, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. 

Айта кетейік, Қазақстанда ғашықтар күнін 2011 жылдан бастап тойланады. Алматы қалалық мәдениет басқармасы мен жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарма қызметкерлері мен қала әкімдігінің баспасөз қызметіне ғашықтар күнін мерекеге айналдыруға мұрындық болған. Сол жылы  15 сәуірде үш мыңнан астам адам түнгі аспанға қағаз фонарларын ұшырды. Бұл Қазақстандағы ең ауқымды флешмоб болған. Өкінішке орай, Ғашықтар күнін осындай белсенді  атап өту ешқашан болған емес. 

Тарихтан сыр шетсек... 

Қозы Көрпеш- Баян Сұлу— XIII-XIV ғасырлардан бастап жырланып, XIX ғасырдың ортасында қағазға түскен қазақ халқының лиро-эпостық жыры. 

Аңыз бойынша Сарыбай мен Қарабайдың аң аулап жүріп құда болып, Қозы мен Баянды күні бұрын атастыруынан басталады. Сол кезде аң аулап жүріп, ұлды болғанын естіген Сарыбай, баласын көре алмай қаза табады. Атастырылып қойған Қозы мен Баян жүздерін көрмегенімен, бір-біріне ғашық болады. Уақыт өте келе сараң Қарабай қызын жетім ұлға бергісі келмей, бір кезде отарын жұттан құтқарған, жергілікті палуан Қодарға ұзатпақшы болады. Қос ғашықтың арасына тосқауыл болған Қодар айласын асырып, зұлымдықпен Қозының басын алады. Қайғыдан қабырғасы қайысқан Баян өш алу үшін қулыққа көшеді. Ол Қодарға өзіне құдықтан су алып берсе, күйеуге шығатынын айтады. Алданған Қодар Баянның шашынан ұстап, құдықтың түбіне түсе бергенде, айлакер қыз бұрымын кесіп тастайды: Қодар түпсіз тұңғиыққа құлап, қаза табады. Сөйтіп Қозының кегі қайтарылады. Батыр қыз ғашығының күмбезіне келіп, өзіне қанжар салып қол жұмсайды. 

Қозы Көрпеш пен Баян сұлудың ізі тек жырда ғана қалған жоқ, қос ғашықтың көзіндей болып келе жатқан мазар да бар. Бұл мазар Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы, Таңсық теміржол бекетінен 10 шақырымдай жерде, Аягөз өзенінің бойында орналасқан. Жалпы биіктігі – 12 метрге жуық. Мазар табаны төрт бұрышты таған түрінде болып келеді. Сырт жағынан ауданы 7,10x7,10 м, ішкі жағынан 3,38x3,38 м, жоғары қарай сүйірленіп, қүмбезделіп өрілген. Қабырғасы гранит қалақ тас пен сабан аралас балшықтан қаланған. Есігі күншығысқа қарап тұр. Ескерткіштің тұрғызылған уақыты туралы әртүрлі пікірлер бар. Бір зерттеушілер V-X ғасырда көтерілген десе, енді бірі X-XI ғасырда орнатылғандығы туралы айтады. Бұл кезеңдерде адам мүсіндері тастан ойып жасалынған және олар жоғары бағаланған. Қос мұңлық күмбезінің салынуы жайлы да түрлі деректер кездеседі. Соның бірі Жанақ ақынның жеткізуі бойынша, күмбезді Айбас 50 мың адаммен бірігіп салған. Ол үшін жақын жердегі таудан тастар әкелінген. Тау мен Аягөз өзенінің бойында көптеген тайпалардың мыңдаған кісілері атпен тізбектеле тұрып, бір қолдан бір қолға беріп жеткізіп тұрған. Олар үш көш жерден (90 километр) тас тасып, Аягөздің биік белесінен күмбез жасайды. Ол күмбез әлі тозған жоқ, оларды ұмыттырмай, артында белгі болып келеді. 

Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уәлихановтың зерттеулеріне сүйенсек, Аягөз өзені бойында төрт балбал тастар болған. Тастан жасалған бұл мүсіндер жырдағы кейіпкерлердің нақты бейнелерін кейіптейді. Оның үшеуі әйел адамдар: Баян және Баянның сіңлілері Ай мен Таңсық, ал ер адам – Қозы.  

Орал қаласына "Е.И.Пугачев бастаған көтеріліс" жайлы ақпарат жинауға келгенА.С. Пушкин, жыр желісімен танысып, қызығушылық танытып, үзінділерін жазып алған. 
Следующая →