Алматыда есірткі алыпсатарлары 1 кг гашишпен ұсталды
Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олардың мүлкі тәркіленіп, 15 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде
Алматы полиция департаменті тәртіп сақшылары 35 және 48 жастағы екі ер адамды ұстады деп хабарлады. Олар есірткіні қымбат бағамен қайта сату және сол арқылы ақша табу мақсатында сатып алған. Сәл кейінірек есірткі сатумен айналысқан үшінші адам ұсталды. Зиянкестерге бақылау ұйымдастырылып, нәтижесінде тәртіп сақшылары қылмысты ашты, деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Екі есірткі сатушыны гашишты тасымалдау кезінде қолға түскен. Полиэтилен пакеттерге салынған тауардың жалпы салмағы бір келіден асады. Есірткі 150 мың теңгеге сатып алынған. Есірткі алыпсатарлары оны 180 мың теңгеге қайта сатуды жоспарлаған.
Следующая →

- Нәтижесінде барлық ұсталғандар ҚР Қылмыстық кодексінің 4-бөлігі 297-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Ұсталғандар Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына орналастырылды. Енді оларға мүлкін тәркілеумен 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы күтілуде, - деді Алматы қалалсы Полиция басқармасы бастығының орынбасары Берік Әбілбеков.