Өскемендік кәсіпкерлер "Мейірім эстафетасын" жалғастыруда
Шығысқазақстандықтар отандық өндірушіні қолдай отырып қайырымдылыққа да бір кісідей атсалыса алады
Өскемендік қуырылған шемішкелер дестрибюторы - NUR-HALAL EURASIA компаниясы өз өнімдерінің әр қаптамасынан түскен қаржының 2%-ын қайырымдылыққа арнайды. Яғни, JAZ және QZQ сауда маркалы шекілдеуіктерін сатып алған әр адамның да қайырымдылыққа үлесі болады. Оған өзіміз де куәміз. Жақында "Устинка плюс" газеті оқиғасын баяндаған Степан Алпеев (үш жаста) оған жарқын мысал. Cтепанға өте сирек кездесетін қуықтың экстрофиясы туабітті диагнозы қойылған болатын. Бұл несеп-жыныс ағзаларының дамуындағы ақау - қуықтың және құрсақтың алдыңғы қабырғаларының іштен жоқ болып тууы. Қазақстанда осындай 20 бала бар көрінеді. Емі елімізден табылмаған дертті емдеуге Степанның ата-анасы оны Сербияға апару үшін есепшот ашып, көмек жинаған болатын. Жерлестеріміздің шарасыздығына бейжай қарамаған NUR-HALAL EURASIA компаниясы да өз үлесін қосқан еді. Көптің тілеуі орындалып Степанның
отасы сәтті өтті, бұйыртса, жақын күндері елге оралады.
Бұл "Мейірім эстафетасы" жалғасын тауып отыр. Оған мұрындық болған компанияның бас директоры Расул Исмаилов екенін айта кеткен жөн. Күні кеше ғана Өскеменде тұратын 9 жастағы Мадиярға да қайырымды жандар қол ұшын созды. Мадияр - ерекше бала. Оған қойылған диагноз - балалардағы церебральді сал ауруының гиперкинетикалық формасы. Ол өздігінен отырып, жүріп-тұрып, қимылдай және анық сөйлей алмайды. Бірақ Мадиярдың жанарындағы от ерекше, бірден өзіне баурап алатын жүзі нұрлы, қазақы ұяңдығы да қайран қалдырады. Күнделікті түрлі жаттығулар жасаудың өзі Мадиярға қаншалықты қиынға соғатынын біз сезіне алмаспыз, әрине. Сонда да мойымайтын оның жүзінен күлкі кетпейді. Бүгінде 2-сыныпта оқитын Мадияр озат оқушылардың қатарында, ойы зерек, ақылды. Ал анасы Индира жалғызының тым болмаса өзі жүріп кетуі үшін жан аямай қолынан келгеннің барлығын істеп жүр. Мадиярдың бір күні бекер өтпей, күнделікті жаттығу жасап отыруы маңызды. Таңның атысы арнайы мектепке сабаққа апарып, одан шыға сала оңалту орталығына асығады. Осы уақытқа дейін Ресей, Қытайдағы мамандарға бірнеше мәрте қаралып келген Мадияр бүгінде Өскемендегі "Демеу" оңалту орталығында ем қабылдап жүр. Енді ондағы кезекті кешенді ем курсын алу үшін тағы да қаржы қажет.
Көмек көрсету үшін:
Халық банк картасы - 4405 6398 0613 0348
Сбербанк картасы - 4263 4472 9310 6206
Каспий голд - 4400 4301 0256 2714
Барлық карталар Мадиярдың анасы Индира Сагымбаеваның атында - ЖСН 851214400881
Следующая →

- Орталықтың кешенді оңалту курсынан өту қажет. Әрі қарай Нұр-Сұлтан қаласындағы БОҰО-дағы ақылы оңалту курстарынан өтсек деген ниетіміз бар. Баламның талпынысы күшті. БЦП-ға шалдыққан балалар үшін уақтылы оңалту курстарынан өтіп отыру маңызды, - дейді Мадиярдың анасы Индира.NUR-HALAL EURASIA компаниясы Индираға демеу ретінде алғашқылардың бірі болып қаржылай көмек көрсетіп, жылы сөзбен рухани қолдау білдірді.
- Біз Мадиярдың тез жазылып кетуін, мықты жігіт болып өсуін тілейміз. Қасиетті Рамазан - рақым айы. Адамдар бір-біріне көмектесіп, қолдау білдіруі керек. Осы орайда азаматтарды қайырымдылық жасауға шақырамыз. Өзгелерге де ісіміз үлгі болса екен, - дейді компанияның бизнесті дамыту ісі жөніндегі директоры ЕржанОсылайша компания "Мейірім эстафетасы" челленджі жалғасын тауып жатқандығын дәлелдеді.
Кулитаев.
- Тұтынушылар Шығыс Қазақстанның егіс алқаптарында өсіріліп, Өскемен қаласында өндірілген өнімді сатып ала отырып, қайырымдылыққа қатыса алатындықтарын еске саламыз. Неғұрлым сауда жақсы жүрсе, осы сынды қайырымдылыққа бөлінетін қаржы да көп болмақ, - дейді NUR-HALAL EURASIA ЖШС қаржы жөніндегі директоры Роман Якушев.