Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бағдарлама браконьерлікпен күресуге және заңсыз аң аулауға, өсімдіктер мен жануарларды туындыларын алу, сақтау, сату, тасымалдауға қарсы тұруға бағытталған
- Дала бөкендерінің саны артты, - дейді ШҚО орман және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының өкілдері. - Дала бөкендерінің саны артып, Қарағанды және Павлодар облыстарының шекаралас аудандарынан кіре бастаған. Соңғы жылдары бөкендердің Аягөз ауданы мен Семей қаласының әкімшілік жерлері тұрғылықты мекеніне айналған.
- Қазақстанда ақбөкендерді ғылыми мақсаттардан басқа 2023 жылға дейін бүкіл республика аумағында пайдалануға тыйым салынды, - деп толықтырды ШҚО орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясы. - Киіктерді заңсыз аулағаны үшін, сондай-ақ сақтап, сатып, тасымалдағаны үшін 3 жылдан 12 жылға дейін мүлкін тәркілеумен бас бостандығынан айырылады.