Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Кирилл Наумов
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да екі әйел колония ішіне жалған құжат арқылы өтпек болған

Егер тергеу олардың арам пиғылын дәлелдесе, екеуі де қылмыстық жауапқа тартылады

ШҚО ҚАЖД қызметкерлері колонияда отырған жазасын өтеушілерге ұзақ кездесуге жалған неке туралы куәлікпен өтпек болған екі азаматшаны ұстады. Екеуі де Қазақстанның басқа қалаларынан келген.

Құжаттарды тексеру кезінде ҚАЖД қызметкерлері олар ұсынған неке қию туралы куәлігінен күдіктенген. Ең алғаш күдік тудырған жайт – екі құжат та мереке күндері берілген. Екеуінде де бір адамның қолы қойылған. Ал бірақ құжаттар екі бөлек әділет басқармасында берілген.

- Тағы бір күдік тудырғаны – куәліктер ескі бланкімен толтырылған. Ал жазасын өтеп жатқан азаматтардың жеке құжаттарында үйленгендіктері туралы ақпараттар болмаған, - дейді ШҚО ҚАЖД Жанболат Қалетаев.

Азаматшарлар құжатты қайдан алғандықтарын түсіндіре алмады. Оқиға орнына дереу полиция қызметкерлерін шақыртқан.

- Егер құжаттар шынымен жалған болып шықса, азаматшалар заңға сәйкес қылмыстық жауапқа тартылады, - деді департамент басшысы.

Следующая →