Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

13 сәуір – Рамазан айының бірінші күні

Күллі мұсылман қауымның асыға күтетін, мол сауапқа кенеліп, руханиятын жаңартатын, игілік пен жақсылыққа ұмтылып, сансыз қайырымдылық жасайтын мейірім айы – Рамазан биыл 13 сәуірде басталады

12 сәуір күні алғашқы тарауық намазы оқылады. 30 күнге созылатын Рамазан айы 12 мамырда аяқталады. 13 мамыр - Ораза айт күні. 8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - Қадір түні.

- Баршаңызды он екі айдың сұлтаны – қасиетті Рамазанның басталуымен құттықтаймын! - деді ҚМДБ ШҚО облысы Өскемен аймағының бас имамы, облыстық "Халифа Алтай" мешітінің бас имамы Ермек қажы Қасболатұлы. - Рамазанда ауыз бекіткен исі мұсылман баласы өзін ішіп-жеуден ғана шектемей, жаны мен тәнін жамандықтан сақтап, ізгілікке ұмтылады. Іс-әрекетін мұсылманға тән әдеп аясында орындауға тырысады. Өйткені Рамазан - кез келген амалды риясыз ниетпен жасауға тәрбиелейтін, адамды тақуалыққа үйрететін ай. Аштық пен шөлге төзіп, Алла разылығын алуды шынайы ниет еткен адамға берілетін сый мен құрмет.

Қасиетті айда Алла үйіне асығатындар саны да артатыны айқын. Дегенмен жұқпалы дерттің беті қайтпағандықтан, санитарлық шектеу шаралары қатаң сақталуы керек. 

- Тарауық намазы кезінде санитарлық талаптарды сақтай отырып, қысқа сүрелер оқу және ауа райы қолайлы аймақтарда мешіт ауласында тарауық намазын өткізуді ұсынамыз, - дейді "Халифа Алтай" мешітінің іс басқарушысы Берік Кәдірұлы. -  Мешіттерде бес уақыт намаз және жұма намазы 30 пайыз сыйымдылық тәртібімен рұқсат етілген және бетперде кию міндетті. Бұл айда мешітке әсіресе пітір садақа беруге және құран оқытуға жамаған көп жиналады. Құран бөлмесінде 10 адамнан артық болмауы және әрбір келуші 2 метр арақашықтықты сақтауы керек. Әр 3 сағат сайын мешітте дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. Осыған мешіт келушілері түсіністікпен қарауларын сұраймыз. Рамазан айында «қыз алысып, қыз беріспейді» деген ырым бар, дегенмен бұл айда неке қиятындар да болады. Мешітке некелесіп жатқан жандардың жанында шариғат талаптарына сәйкес куәгер адамдардан басқалардың болмауын сұраймыз.

Биыл пітір садақа мөлшері 420 теңге болып бекітілді. 

- Бұл екі келі ұнның құнымен есептеліп отыр. Ал ауқатты азаматтар жан басына мейіз (3580) немесе құрманың (7300 теңге) есебімен бере алады. Денсаулық жағдайына байланысты ораза ұстай алмаған адамдар бір адамның екі уақыт қарнын тойғызуы керек (оразаның әр күні) немесе ақысын төлейді. Ол фидия - 2500 теңге, - дейді бас имам.

Пітір садақа, фидияны "Каспий голд" қосымшасы арқылы беруге де болады.

Пітір садақадан өзге мұсылманның бес парызының бірі – зекет. Зекеттің мөлшері алтын нисабы – 1 160 000 теңге, күміс нисабы – 200 000 теңге. Биыл Өскемен аймақтың бөлімінің Зекет және қайырымдылық қорының жеке есепшоты ашылды.

Бұл рақымға толы ерекше айда ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі "30 күнге 30 ғибратты шара", "30 күнге отыз уағыз", "Қайырымдылық – қайырлы іс", "Имам такси" сынды жобалармен қоса бірқатар нақты шараларды жоспарлап отыр. 

- 30 күн бойы ғибратты танымдық шаралар, қайырымдылық бағытындағы мұқтаж отбасыларды қолдауға бағытталған істер, әлеуметтік мекемелер мен қарттар үйі, балалар үйіне көмек көрсету сынды шаралар қолға алынады, - дейді "Зекет" бөлімінің басшысы Берік Кәдірұлы. - Халифа Алтай мешітінде ауызашар ұйымдастырылмайды, оның орнына карантин талаптарына байланысты ауызашар қоржындарын жеткізіп беру форматы қарастырылған. Ауызашарды көбінесе әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға, жетім-жесір, шын мұқтаж жандарға көмек ретінде үлестірген абзал. 

8 мамырдан 9 мамырға қараған түн - Қадір түні. Осы орайда имамдар жамағатты Қадір түнін мүмкіндігінше өз үйінзде қарсы алуға шақырады. Өз үйін де нұрға, дұға-тілекке толтыру нұр үстіне нұр болады.

Следующая →