Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Облыс орталығында жыл басынан бері тоғыз тауарға бағаның өсуі тіркелген. Жұмыртқа 20%, күнбағыс майы 9,6%, қант 6,3%, макарон өнімдері 4,6%-ға өсіп, қарақұмық, қырыққабат, сиыр еті, сәбіз, сары май бағасы қымбаттаған
- Жеміс-көкөніс өнімдерін сату 2020 жылдың қараша айынан бастап жүргізіліп келеді. Қазірдің өзінде 4600 тонна сатылып, оның 2 мың тоннаға жуығы картоп, 1000-нан астам ақ қырыққабат, 668 тонна сәбіз және 1000 тонна пияз. Қазіргі мәліметтер бойынша дистрибьютордың қоймаларында 1087 тонна жеміс-көкөніс өнімдері бар,- деді Эльдар Тумашинов.Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары Ольга Григорьева бағаны тұрақтандыру бойынша шаралар қабылданып жатқанын
- 2,5 мың ауылшаруашылық тауар өндірушілерімен, көтерме саудагерлермен және сауда орындарымен ең төменгі 10% сауда үстемесін қолдану туралы меморандумдарға қол қойылды. Оларды іске асыруға арналған 44 әлеуметтік дүкендер мен 465 әлеуметтік бұрыштар бар, - деді Ольга Григорьева.Қалалар мен аудандардың әкімдіктері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін, оның ішінде жұмыртқа, күнбағыс майын, бірінші сұрыпты нанды сату үшін 7-10%-дан кем емес сауда үстемесін қолдану туралы келісімшартқа қол қойған.
- Жәрмекелерді кең ауқымда өткізу үшін қосымша жаңа орындар ашылды. Өскемен қаласы бойынша "Дос-Нар" базарында, ал Семейде "Жоламан" көтерме сауда орталықтары жұмыстарын бастады. Демалыстарда өткізелетін жәрмеңдегі тауарлар бағасы сауда дүкендеріне қарағанда 10-15 пайызға арзанырақ. Өскемен мен Семей қаласы тұрғындары жәрмеңкелерге тұрақты барады және жәрмекеге келушілер саны күн сайын артуда, - дейді облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Ербол Қуанышев.