Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

Көкпектіліктерге қараусыз жүрген мал үшін айыппұл салынады

Көкпекті ауылында жазғы мал жайылымын ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде

Осыған байланысты ауылдық округ әкімшілігі ауыл тұрғындарынан көктем мезгілінен қысқы мезгілге дейінгі аралықта жеке меншіктегі малдарды жайылымға қосуды сұрайды.

Әкімшілік мәлімдегендей, малдарды жайылымға қосу қоғамдық орындарда, жолдағы көлік қозғалысына кедергі жасамау, ауыл тазалығын сақтау, жасыл екпелерге (көше талдары, өсіп тұрған гүлдер, егілген бақша өнімдері) зиян келтірмеу үшін қажет және мал ұрлығының алдын алады.
- Егерде тұрғындардың жеке меншік малы жайылымға қосылмай, жеке қараусыз жайылып жүрген болса, мал иесіне айыппұл салынады. Көкпекті ауылдық округі әкімінің аппараты жұмыс тобымен рейдтік жұмыстар ұйымдастырып, малдардың иелерін анықтап, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тиісті шаралар қолданып, айыппұл салынатындығын ескертеміз, - дейді Көкпекті ауылдық округі әкімшілігіндегілер.
Сондай-ақ, аудан орталығы көшелерінде қараусыз жүрген мал көшелерді (мал қиымен) ластап кетеді. Сол үшін әкімдіктегілер мал иелерінен аула алдында күнделікті тазалық жұмыстарын жүргізіп, мал қиынан тазартып отыруларын сұрайды.
Следующая →
Тақырыптар: ШҚО Көкпекті Айыппұл