Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Аягөзде аудандық ауруханада нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берілді

Аягөзде аудандық ауруханада Наурыз мекесіне орай туылған нәрестелерге ұлттық нақыштағы киімдер сыйға берілді

Ұлыстың ұлы күні жаңа босанған аналарға денсаулығын нығайту мақсатында ұлттық тағымы - Наурыз көже таратылды. 
- Ұлттық киімдер 16 наурыз күні дүниеге келген 5 сәбидің ауруханадан шығу рәсіміне орай табысталған. Жаңа туған сәбилеріміздің екеуі көршілес Үржар ауданынан болса, үшеуі Аягөз ауданының тумасы, - дейді әкімдік қызметкерлері. 
Ұлттық нақыштағы киімдерімізді насихаттап, ұлт құндылығын жоғалтпаған аурухана әкімшілігіне ата-аналар дән риза. 
- Екінші сәбиімді Аягөз аудандық орталық ауруханасында дүиеге әкелдім. Бүгін шығарып салу кезінде дәрігерлер ұлттық киіммен келіп, балаларымызға ұлттық нақыштағы киімдерін сыйлап, шығарып салды. Қатты қуанып қалдық, - дейді үржарлық ана Саяжан Сарсенғали.
Айта кету керек, сәбилерге арналған ұлттық киімдер санитариялық талаптарға сәйкес залалсыздандырылған.
Следующая →