Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Ұланда оқушылар уланды

Ұлан ауданы Бозанбай орта мектебінің оқушылары денсаулық жағдайларына байланысты жаппай шағымданған. Балалардың дене қызуы көтеріліп, жүректері айнып, құсып, іштері өткен

Наурыздың 17-ы күні сол ауылдағы интернатта тұратын баланың іші өтіп, дене қызуы көтерілген. Жергілікті дәрігер алғашқы диагнозды қойып, олар Өскемендегі инфекциялық ауруханаға жатқызылды. 
Аймақ басшысының айтуынша, балалардың жағдайы қазір қалыпты, дәрігерлердің бақылауында. Қазіргі таңда 82 бала дәрігердің көмегіне жүгінген.
- 36 бала Өскемен қаласындағы Ана мен бала орталығына жатқызылды. Балалардың жағдайы қалыпты, дәрігерлердің бақылауында. Алдын ала қойылған диагноз - жедел ішек инфекциясы. Ол жақта арнайы комиссия жұмыс істеуде, құрамында облыстың бас педиатры, эпидемиолог, инфекционист, сондай-ақ, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметінің мамандары және аудан әкімі бар. Аталған ауылға білім және денсаулық сақтау басқармаларының, Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау қызметі департаментінің басшылары, және облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары барды, - деп мәлімдеді облыс әкімі Даниал Ахметов. 
Айта кетейік, мектеп асханасын жеке кәсіпкер жалға алып, балаларды тамақтандыру ісін ұйымдастырып отыр. Енді жеке кәсіпкерге қатысты ҚР ҚК 304-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалыпты.
- Әрине, бұл уәкілетті органдар тарапынан тамақтандыруды ұйымдастыру жұмысын жүйелі бақылауға алмауларының салдары. Сондықтан бүгін тиісті тұлғалар жауапқа тартылады. Сондай-ақ, барлық мектеп, мектепке дейінгі және облыстың арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін мекемелерінде тексеріс ұйымдастырылады, - деді әкімдіктегілер.
Келеңсіз жағдай орын алғаннан кейін мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтықтан оқытуға көшіріліпті.
- Ата-аналарға тұрақты түрде жедел және нақты ақпарат беру туралы тапсырма берілді. Сонымен қатар, облыстық Ана мен бала орталығында емделіп жатқан балалар да ата-аналарымен телефон арқылы байланысқа шығып отырулары керек. Мектеп карантинге жабылды. Оқушылар қашықтықтан оқытуға көшірілді, - деді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Облыс әкімі ата-аналардан балалардың денсаулығына қатысты мәселе туындаған жағдайда дереу тиісті орындарға хабарлауларын сұрады. Сонымен қоса, мәселе жеке бақылауында болатынын жеткізді.
Следующая →