Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Ұланда ауданның дамуына үлес қосқан аға буын өкілдері марапатталды
- Ауданымыздың көркейіп, дамуына еңбек адамдарының қосқан үлесі зор. Олар елдің тірегі, ұлттың мақтанышы. Бүгін ауданға аянбай тер төккен жерлестерімізді марапаттау рәсімін өткіздік. Мәслихат шешімімен ауданның "Құрметті азаматы" атағы Иван Белихинге, Сарқыт Машибаеваға және Аман Сұлтанғалиевке берілді. Сондай-ақ, көпбалалы ана Жаңылгүл Тоқайға "Алтын Алқа" табыс еттім. Кездесу барысында Жансап Шыңғысұлының Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай дайындалып жатқан "Ұлан есімі - ұлағат бесігі" атты кітабының келесі томының тұсаукесері өтті. Ақсақалдар мен қоғамдық көшбасшылар ауданның дамуы туралы ой-пікірлерімен бөлісті, - дейді Ұлан ауданының әкімі Ренат Құрмамбаев.Ауданның тарихынан сыр шертер кітаптың жас ұрпаққа берер тәрбиесі мол.
- Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Жансап Шыңғысұлының "Ұлан есімі - ұлағат бесігі" атты кітабының 8-ші томы жарық көргелі жатқаны жақсы жаңалық. Жансап Шыңғысұлының әрбір кітабы тұнып тұрған тарих. Әлі де осындай тарихи кітаптарыңыз жарық көре берсін, - дейді Элмира Ахметова есімді әлеуметтік желі қолданушысы.