Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Аян Қалымбек
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде аспалы өткелдің лифті жұмыс істеп тұрған жоқ!

Арбадағы мүгедек кісілерге арналған үш лифтің біреуі де жұмыс істеп тұрған жоқ

Өскемен шаһарының орталығындағы көрнекі жерде осыдан екі жыл бұрын аспалы жаяу жүргіншілер өткелі салынды. Салынғанға дейін у-шу туғызған, тұрғындардың наразылығын оятқан нысан болатын. Қолданысқа берілгеннен кейін де басынан дау арылмай қойды. «Адам үш күннен кейін көрге де үйренеді» деген тәмсіл бар қазақта. Қазір өскемендіктердің осы бір ебедейсіз салынған құрылысқа көздері де, өздері де әбден үйренген. Жолдың арғы жағына өту үшін аспалы жолдың кесірінен жарты шақырым жерді айналатынына қарамастан, күн сайын кіріп-шығып, көтеріліп-түсіп жүр.
2018 жылы 16 желтоқсанда қала әкімдігі 380 миллион теңгеге Абай мен Назарбаев көшелерінің қиылысына даңғарадай жаяу жүргіншілер өткелін салып берді. Құны қаншалықты қымбат болғанмен, тұрғындар жаңа нысанды жақсы көре қоймады. 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында Сәтпаев даңғылындағы орталық мешіт пен спорт кешені аумағында дәл осындай тағы екі аспалы өткел пайдалануға берілді. Екеуіне жұмсалған қаражат 157 және 163 миллион теңгені құрайды делінген БАҚ беттерінде.



Қоятын жерге қоймайды...



Кейде біздің билік қандай да бір істі бастар алдында халық арасында сауалнама жұмыстарын жүргізіп, көпшілікпен санасып, жұрттың өтініш-тілегіне құлақ аспайды. Әйтпесе, тұрғындардың қай жерде не нәрсеге шын мұқтаж екенін білсе керек еді ғой. Мысалы, облыстық «Халифа Алтай» мешіті мен этно-саябақтың алдына аспалы көпір-жолды қатырып салып қойды. Иә, дұрыс. Саябақ пен құдайдың үйіне ағылатын адамдардың қарасы өте көп. Ал одан бес жүз метр жоғары өрлегенде Жібек жолы көшесі мен Сәтпаев даңғылы қиылысады. Ол жерде көбінесе бағдаршам істемей қалады, істейтін бағдаршамдары ұзақ күттіреді. Дәл сол жерде жұртшылықтың толастаған күні болған емес. Таңнан кешке дейін заулаған көлік, асыққан адамдар. Бірақ ең қауіпсіз жаяу жүргіншілер өткелі жоқ. FreshMarket пен облыстық драма театрдың арасында да аспалы өткелдің жоқ екенін республикалық телеарналар дүркін-дүркін түсірді, сайттар осып-осып жазды. Бұрын болған «пешеходты» алып тастаған соң өскемендіктерге театрға да, сенбілік жәрмеңкеге де, оңалту орталығына бару да қиын болып жүр. Шыққан мүйіз қанекей?!
Сананы мазалаған сауалдарға ресми жауап алу үшін Өскемен қаласының ТҮКШ, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне хат жолдадық.  Қанағаттанарлықтай тұшымды жауап келмеді. Мемлекеттік мекемелер, құзырлы органдар қайбір жарытушы еді, әдеттегідей сылап-сипап қана шолақ қайыра салған.
- Бүгінгі таңда Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» ШЖҚ мердігерлік ұйымы жөндеу бойынша тиісті шаралар жүргізуде. Мемлекеттік сатып алу туралы заңға сәйкес лифт жабдықтарын жөндеу үшін шығыс материалдарын сатып алу – ағымдағы жылдың наурыз айына жоспарланған. Аспалы жаяу жүргіншілер өткелдерінің жабдықтары техникалық тұрғыдан толығымен жарамды, - дейді тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ерназ Мұқатаев.


Жеделсаты тоқтап тұр




Ашылғаннан бері айтылған сыннан не өзгеріпті көрейікші деп ең бірінші салынған жаяу жүргіншілерге арналған аспалы өткелге әдейілеп бардық. Арбадағы мүгедек кісілерге арналған үш лифтің біреуі де жұмыс істеп тұрған жоқ. 1-қабаттағы да, 2-қабаттағы да шақыру түймелерін жұлып тастаған ба, алып тастаған ба - білмедік. «Статус» дүкені тұсынан кіретін жердің жарығы өшіп қалған ба, өшіріп тастаған ба – ол да белгісіз. Жаяу көтерілуге қауқарсыз егде адамдар келсе, лифт шақырып беретін Өскемен қаласы әкімдігінің «Таза Өскемен» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын жұмысшыларын да кездестірмедік. Әрине, олар мұнда не бітіреді? Лифт істемесе, қарттарды арқалап көтеріп шығара ма жоғарғы қабатқа?!
2019 жылы аталмыш нысанның бас инженері Жамбыл Идрисов егер лифтке жүріп-тұруға қиналатын қариялар келсе, міндетті түрде көмек көрсетіледі деген. Сонымен қатар, қалалық мәслихат депутаттарының хатшысы Александр Светаш алдағы уақытта шақыру түймелерінің үстіңгі қабатта да болатынын, олардың толық жұмыс істейтінін айтқан. Қазір 2021 жыл, шақыру тетігі тұрмақ лифтің өзі тоқтап тұр. 



«Кішітаудағы кептелісте 15 минут тұрасың»




Осы күні КШТ аталып кеткен Жібек маталар комбинаты ықшам ауданы қаладағы ай сайын жаңарып, дамып, өркендеп, гүлденіп келе жатқан ауданның бірі. Ауасы таза, көрінісі керемет таудың бөктеріндегі жаңа тұрғын үйлерге қоныстанушылар күн санап артып келеді. Сәйкесінше, халық шоғырланған жерде көліктердің көбейетіні айдан анық. Кейінгі кезде Өтепов көшесінде ұзын-сонар кезек пайда болған. Таңғы сағат 8.00 мен 10.00 аралығында №44 мектептен Сәтпаев даңғылына дейін кептелісте тұрғаның. Автобуспен жүретін жолаушыларға тіпті қиын. Кішітау тұрғындарының 30 минөті автобус күтуге кетсе, 15 минөті тасбақаның қиымылындай ілбіп жылжыған автобустың кептелістегі қозғалысына кетеді.
- Баяғыда бәрі жақсы еді. Мұндай мәселе болмайтын. Қазір «пробка» деген пайда болды. Анау бағдаршамның 90 секөнт уақыты жанып біткенше автобус жарты сағат тұрады. Жұмысқа кешіктіреді үнемі. Көліктер жол бермейді. Қалада салып жатыр ғой әлгі аспалы өткелді. Соны тура Өтепов пен Сәтпаевтың қиылысына салса ғой. Ал бағдаршамның тосу уақытын азайту керек, - дейді көлік кептелісінен әбден шаршаған Өтепов көшесінің тұрғыны Ернар Мамырбеков.
Тиісті мекемеге, жауапты басшыларға хатымыз бен датымыз жетіп жатса, бір нәтиже шығады деген үміттеміз.
Следующая →