Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +17°
  • Астана
    +8°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +18°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +7°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +23°
  • Павлодар
    +9°
  • Петропавловск
    +6°
  • Тараз
    +17°
  • Туркестан
    +10°
  • Шымкент
    +19°
$
443.37
+1.32
474.49
+0.35
¥
61.24
+0.17
4.83
+0.09
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО әскери қызметкерлері қаншалықты жиі заң бұзады?

2020 жылы ШҚО-да әскери қызметшілерге қатысты тіркелген қылмыстық істердің саны азайған

Әскер - ел қорғаны. Елді қорғау абыройлы міндет. Сол абыройлы міндетті адал атқару сайдың тасындай сапқа тұрған әрбір сарбаздың парызы. Әскери қызмет әрбір азаматты патриоттық рухқа, Отан алдында борышын өтеу сезімін қалыптастыруға, өмірлік қиыншылықтардан мүдірмей өтуге тәрбиелейді. 

Жұмыстары сол әскери қызметкерлер мен сарбаздардың дұрыс жолдан таймай қызмет етулеріне, қандай да бір шалыс басқан қадамдарын түзетуге бағытталған әскери тергеу бөлімі қазір де талай әскери қылмыстың бетін ашып жатыр. 

Әскери қызметкер заңды бұзса....


Осы орайда ҚР ІІМ Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Қасенов Дархан Болатбекұлымен сұхбаттасқан едік. 
Жақында Президент Қ. Тоқаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық процесте азаматтардың құқықтарын қорғауды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жаңа Заңға қол қойды. 
- Биылдан бастап ҚР Президенті Қ. Тоқаев қол қойған жаңа заң күшіне енді. Бұл заңнамада әскери тергеудің барлығы тергеушінің мойынында ғана емес, прокуратураның да тергеу процесіне маңызды қатысы бар екенін көрсетеді. Бұрын тергеуші қылмысқа қатысы бар әскери қызметкерді күдікті деп танып, оны сотқа дейінгі біріңғай тергеп-тексеру электронды базасына тиісті ақпарат енгізетін. Сол кезден бастап ол әскери қызметкер күдікті деп таныла беретін. Қазір ол өзгешелеу. Тергеушінің күдіктіге қатысты қаулысын прокуратура келісуі керек. Сондай-ақ, күдікті адамның қылмыстық іс-әрекеттерін нақтылау үшін оның жасаған іс-әрекеттерін ҚР Қылмыстық кодексінің тиісті бабы бойынша саралауымыз қажет. Қылмыстық іс-әрекетті саралау туралы шешімдер прокурормен келісіліп, бекітілген жағдайда ғана құжат заңды деп танылады. Міне, жаңа заңнамаға енгізілген тәртіптер осындай. Яғни, қазіргі таңда тергеу барысы прокуратурамен тікелей байланыста, - дейді Дархан Қасенов.

Дархан Қасенов.jpg
Жалпы қандай да бір қылмыс орын алса, ол қылмысты ашу барысында кінәлілерді анықтау, айғақ-дәлелдер табу, тағысын-тағы... шешім шығару сынды белгілі бір алгоритмі бар екені анық. Ал әскери қызметкерлер тарапынан заңбұзушылықтар орын алса, ол іспен арнайы мамандар - әскери тергеу бөлімі қызметкерлері айналысады.
- Қылмыс орын алғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, әскери тергеу бөлімінде жедел уәкілдер мен тергеуші қызметкерлер арасынан жедел тергеу тобы құрылады, - дейді Дархан Болатбекұлы. - Жедел тергеу тобы тергеуші, жедел уәкіл және криминалистерден жасақталады. Құралған жедел топ оқиға орнына тез арада бағытталып, ең бірінші оқиға болған жерді қарауды жүзеге асырады. Оқиға болған жерді қарау барысында қандай қылмыс болғанын және қандай қылмыстың түріне жататынын анықтайды. Әскери қылмыс па? Ол қылмысты жасаған әскери қызметкер ме? Осы сұрақтарға қатысты тексеру жұмыстарын жүргіземіз.
Әскери тергеушілер оқиға болған жерді қарап, іске қатысты нақты айғақтарды анықтап, айғақтарды оқиға орнынан алу процесін жүзеге асырады. Осылай жедел тергеу тобы ең алғашқы тергеу әркеттерін жүргізеді. Тергеу амалдарын жүргізгеннен кейін, іске қатысты азаматтарды анықтап, іс бойынша жауап алынады. 
- Мысалы, 2021 жылы Өскемен гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде әскери қызметшінің қайтыс болуы туралы қылмыстық іс болды. Екі әскери қызметші бір қызметтік жатақханада тұрып, өзара келіспеушілік пайда болады. Соның нәтижесінде бір әскери қызметші екінші әскери қызметшіге жұдырығымен қатты дене жарақаттарын жасаған. Салдарынан, дене жарақаттарын алған әскери қызметші оқиға болған жерде мерт болды. Сол іске байланысты барлық тергеу амалдары жүргізіліп, жақын арада сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтап, қылмыстық істі сотқа жолдадық. Қылмыстық іс әскери сотта қаралады, - деп мысал келтірді Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы.

Қылмыстық істер саны азаюда


Маманның сөзіне сүйенсек, салыстырмалы түрде 2019-2020 жылдарды қарастырсақ, 2020 жылы әскери қызметшілерге қатысты тіркелген қылмыстық істердің саны азайыпты. Бөлім басшысы оның бір де бір себебі - әскери-тергеу бөлімінің қылмыстың алдын алу бағытындағы ұжымдасып бірлескен жұмысы деп топшылайды. 

Азайды дегенмен әскери ортада қылмыс түпкілікті жойылды деуге келмес. Ел дегенде еміреніп, жұрт дегенде жүгініп қызмет етуі тиіс әскери қызметшілер неге қылмыстық іс-әркетке барады? 
- Қызметі қоғамдық тәртіпті сақтауға бағытталған әскери қызметшілер "неге қылмыс жасайды?" деген сұрақ әр адамда болуы мүмкін. Әрине әскери қызметшілер арасындағы қылмыс азаматтық тұлғаларға қарағанда едәуір азырақ. Әскери қызметші де қарапайым адам, сол себепті де қылмыстар орын алмай тұрмайды. Қызметшілердің күнделікті қызметінде жалпы әскери жарғы тәртібін бұзу салдарынан қылмыстар жасалады. Әскери қылмыстардың Қылмыстық кодексінің бөлектенген жеке тарауы бар. Әскери қызметшілер өз билігін асыра пайдалану, қызметіне салғырт қарау, билікті асыра пайдалану, жымқыру, жемқорлық, бұзақылық сынды және жалпы тәртіптегі қылмыстар жасайды, - дейді Дархан Қасенов.

Мемлекет қазынасына қол сұққандар да бар


2019-2020 жылдары Өскемен әскери тергеу бөлімінде әскери қызметшілерге қатысты ауыр және аса ауыр санатына жататын қылмыстар тергеліп, сол күдікті азаматтар сотта айыпты деп танылып, әр түрлі жылдарға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген. 
- Мысал келітіретін болсақ, Өскемен гарнизонында қызметте болған "Н" есімді әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс тіркелді. Бұл қылмыстық іс бойынша "Н" әскери қызметші бола тұра, өзінің қызметтік қаруымен (әскери пышағымен) қаладағы дәмханалардың бірінде азаматтармен ерегесіп, нәтижесінде қарумен екі азаматқа жүрек және мойын тұсынан соққы жасаған. Ол бұзақылық ниетпен екі адамды өлтіруге оқталу қылмыстық іс-әрекеттері бойынша айыпталып, әскери сот үкімімен 9 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды, - дейді Дархан Қасенов.
Сондай-ақ, Өскемен гарнизонының әскери бөлімінің қаржы бөлімінің бастығы "Б" есімді әскери қызметшісіне қатысты қылмыстық іс тергелген. Ол әскери қызметін асыра пайдаланып, мемлекеттік бюджеттен жалпы 20 млн теңге жымқырған. Әскери соттың үкімімен "Б" есімді әскери қызметші 4 жылға бас бостандығынан айырылған. 
- Әскери қызметшілердің қатарынан есірткі заттарын пайдаланатын және сататын тұлғалар да анықталды. Өскемен әскери-тергеу бөлімінің қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде "А" есімді әскери қызметші ұсталды. Ол көп мөлшердегі есірткі (гашиш) затын үйде сақтағандығы және есірткіні басқа азаматтарға сатқандығы анықталды. Күдікті "А"-ға қатысты қылмыстық істі айыптау актісімен әскери сотқа жолдадық. Сот шешімімен "А" есімді әскери қызметші айыпты деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп атап өтті Дархан Болатбекұлы. - Одан өзге, Өскемен гарнизонына қарасты Күршім ауданы әскери бөлімінінің 2 қызметкері жеке жер үйлерінде 2 кг анаша есірткі шөптерін жинап, оларды кептіріп, өздерінің жеке пайдалануына сақтаған. Өскемен әскери-тергеу бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданып, 2 әскери қызметші айыпты деп танылып, 4 жылға бас бостандығын шектеу жазасы кесілді. 
Тәртіп - әскердің жаны. Әскери қылмыстың алдын алу үшін қандай шаралар қолданылады?
- Біз қылмыстық істерді тек анықтап, тергеп, сотқа жолдап қана қоймаймыз және оның алдын да аламыз. Қылмыстық істерді болдыртпау үшін әскери бөлімдердің арасында әскери қызметшілер мен сарбаздарға жеке дөңгелек үстелдер мен жиналыстар өткіземіз. Оларға қылмыстық баптар, қандай жағдайда қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін екендігі жайлы, бас бостандығынан айыру және айыппұл санкцияларының бар екені туралы кеңінен ақпарат береміз, - дейді Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасы Өскемен бөлімінің бастығы подполковник Дархан Қасенов.
Орын алған қылмыстың себептерін жою үшін өзіміздің атымыздан ұсынымдар жібереміз. Әскерде қылмыс болмауы тиіс. Дегенмен де Өскемен әскери тергеу бөлімі, әскери полиция және де әскери прокуратураның бірлесіп жасаған жұмыстарының нәтижесінде қазіргі таңда қылмыстар азаюда. Біз сол бағытта жұмыс жасап, оны болдырмауға бар күшімізді салудамыз. Әскери қызметшілерден қылмысқа жол бермеуді талап етеміз және алдын - алу шараларын жүргіземіз.



Следующая →