Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Өзінің тұрып жатқан үйін туристерге жалға беріп бизнес жасағысы келетін катонқарағайлықтарға 2 млн 300 мың теңге грант беріледі
- Ол ақшаға су, дәретхана сияқты демалушыларға комфорт тудыратын дүниелерді тартуы керек. Туристер саны жыл өткен сайын көбейіп, ауылдағы тұрғындар саны азайып барады. Қалаға көшіп кете бермей, ауыл туризмі бағытын көтеруіміз керек. Жүргізілген зерттеулерге жүгінетін болсақ, алдағы 5 жылдың ішінде Катонқарағай ауданының картасынан тағы 13 ауыл жоғалайын деп тұр, - дейді Серік Жүнісов.Тағы бір ескеретін жайт - грант алғысы келетін адам сол ауылдың жергілікті тұрғыны болуы керек. Сырттан келіп туризммен айналысам дегендерге аталған көмек көрсетілмейді.