ШҚО-да 400-ден астам тұрғын онкологтардан тегін кеңес алды
Қабылданған 400-ден астам тұрғынның ішінде қатерлі ісікке күмән тудырған – 13, обыр алды ауруларға – 42, онкологияға қатысты емес басқа да ауруларға – 189 адам анықталған
6 ақпан күні Өскемендегі онкология және хирургия орталығында өткен Ашық есік күніне 400-ден астам тұрғын келіп, онколог мамандардан тегін кеңес алған, деп хабарлайды Устинка LIVE.тілшісі.
Іс-шараның басты мақсаты - қоғам назарын қатерлі ісікті ерте анықтауға аудару. Облыс тұрғындары дәрігердің жолдамасынсыз келіп, білікті мамандардан тегін кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Мамандар 4 сағаттың ішінде 400-ден астам адамды қабылдады. Тек Өскемен қаласының ғана емес, Риддер қаласы, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандарының тұрғындары да келген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары да қабылдауға келді. Олар Магаданда тұрады екен. Қаламызда тұратын балаларына қонаққа келіпті. Дәрігерлер оларды да қабылдады.
33 ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Онкоцитологияға 79 талдама алынып, оның ішінде қатерлі ісікке 13 күдік, обыр алды жағдайлары - 42, 189 онкологияға қатысы жоқ басқа аурулар анықталды.
Іс-шара барысында барлық қажетті эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталды. Әлеуметтік ара қашықтық, қолды ансептикпен жуу, термометрия, дезинфекциялау, бактерицидті ауа рециркуляторлары жұмыс істеді. Бетпердесі жоқ адамдарға кіре берісте бетперде таратылды.

- Тұрғындар осындай іс-шараларға қатысуға әрдайым белсенділік танытады. Онкологиялық орталықта емделушілер үшін арнайы навигация жүйесін ұсынды, - деп хабарлайды Өскемен қалалық Онкология және хирургия көпсалалы орталығының баспасөз қызметі. - Онкологтардың қабылдау профиліне сәйкес қарапайым талондардың орнына түрлі-түсті талондар шығарылды. Әр профильде белгіл бір түсі болды. Кеңсе есігінде сондай түсті шарлар ілулі болды. Үйлестірушілер әр емделушіге қажетті дәрігердің қабылдауына ертіп барды.
Мамандар 4 сағаттың ішінде 400-ден астам адамды қабылдады. Тек Өскемен қаласының ғана емес, Риддер қаласы, Глубокое, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандарының тұрғындары да келген. Сондай-ақ, Ресей Федерациясының азаматтары да қабылдауға келді. Олар Магаданда тұрады екен. Қаламызда тұратын балаларына қонаққа келіпті. Дәрігерлер оларды да қабылдады.
33 ультрадыбыстық зерттеу жүргізілді. Онкоцитологияға 79 талдама алынып, оның ішінде қатерлі ісікке 13 күдік, обыр алды жағдайлары - 42, 189 онкологияға қатысы жоқ басқа аурулар анықталды.
Іс-шара барысында барлық қажетті эпидемиологиялық шаралар қатаң сақталды. Әлеуметтік ара қашықтық, қолды ансептикпен жуу, термометрия, дезинфекциялау, бактерицидті ауа рециркуляторлары жұмыс істеді. Бетпердесі жоқ адамдарға кіре берісте бетперде таратылды.
- Демалыс күні жұмысқа шыққан барлық дәрігерлерге, медбикелерге, цитологиялық зертхананың мамандарына рахмет! - деп ОХКО келушілері алғыс айтудан жалықпады.
Следующая →
Тақырыптар:
Многопрофильный Центр онкологии и хирургии ВКО День открытых дверей Онкологические заболевания