ШҚО-да АН-2 тікұшағы мәжбүрлі түрде жерге қонған
АН-2 санитарлық авиация ұшағы шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшқыш пен дәрігерлер Зайсанға бет алған. Алайда Өскемен-Алматы тас жолының 23-ші шақырымына жеткенде қозғалтқышы істен шықты
Ұшақ "Новигатор" ЖШС-не тиесілі. Экипаж құрамында реаниматолог-анестезиолог Ермек Бекетаев пен ШҚО санитарлық авиация бөлімінің фельдшері Антон Волков та бар. Медициналық бригада Зайсан қаласында инсульт алған әйелге көмекке ұшып бара жатқан.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де оқиғаны растап отыр. Экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлайды.
Еске салайық, бұл ШҚО-да АН-2 санитарлық авиациясына қатысуымен болған төртінші жағдай.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі де оқиғаны растап отыр. Экипаж мүшелерінің ешқайсысы зардап шекпегенін хабарлайды.
- Зардап шеккендер жоқ. Ұшаққа зақым келмеді. Ұшақ бортында үш экипаж мүшесі мен екі медицина қызметкері болған, - деп толықтырды министрлік.
Еске салайық, бұл ШҚО-да АН-2 санитарлық авиациясына қатысуымен болған төртінші жағдай.
Следующая →