Өскемен
ясно
+20°
  • Өскемен
    +20°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +23°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +17°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +19°
  • Көкшетау
    +22°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +22°
  • Павлодар
    +19°
  • Петропавловск
    +18°
  • Тараз
    +20°
  • Туркестан
    +15°
  • Шымкент
    +21°
$
443.44
480.51
¥
61.36
4.88
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл Өскеменде 18 жеделсаты жөнделеді

Қала әкімі Жақсылық Омардың айтуынша, лифтерді қайта қалпына келтірудің жобалық-сметалық құжаттары әзірленген

"Ескі" қаланың көпқабатты үйлеріндегі лифт мәселесі бұрынғы Үлбі ауданының тұрғындарын қатты алаңдатады, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Бұл туралы  тұрғындар әкімге онлайн өткен есеп беру кездесуінде айтты.  

- Мысалы, Гагарин бульварындағы 36 үйде лифт мүлдем жұмыс жасамайды, - деді Оксана Юркина Өскемен әкіміне. - Бұл көп қабатты үйде кем дегенде үш мүгедек тұрады. Карбышева көшесі, 52 үйдегі лифт те жұмыс істемейді. Биыл бұл мәселені шешуге мүмкіндік бар ма?

Жақсылық Омар қаладағы лифт қондырғыларын жаңартудың ұзақ мерзімді бағдарламасы жасалғанын атап өтті.

 - Қазір  18 лифтіні жөндеуге арналған жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеп қойдық, - деп Өскемен қаласының әкімі қала тұрғынының сұрағына жауап берді. - Бұл дегеніміз, олар биыл жөндеуден өтеді. Қаражат қарастырылған. Жөндеуден өтетін лифттер тізімінде Карбышев пен Гагарин бойындағы көтергіштердің бар екенін нақты айта алмаймын. Бірақ  сіздің сұрағыңызды өз бақылауымызға алып,  осы бағытта не істеуге болатынын ойластырамыз.
Следующая →