Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

Биыл Өскемендегі Үлбі ауданында 6 оң бұрылыс салынады

Бұл туралы облыс орталығының әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарымен есеп беру кездесуінде айтты

Өскеменде күн жылынған бойда қала жолдары, тротуарлар мен көшелерді белсенді түрде  қалпына келтіре бастайды, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.

Ағымдағы жылдың жоспарына «ескі» қала, Защита, Прохладная және Аэропорт шағын аудандарының көшелерінің 20 шақырым жолын орташа жөндеу кіреді. Мәселен, Пограничная көшесі төрт жолаққа дейін кеңейтіліп, оң жаққа бұрылыстар салынады. Өскемен тұрғындарының көңілдерінен шыққан мұндай бұрылыстар Шәкәрім мен Абай даңғылының, Абай мен Объездная, Ғарыш пен Михаэлис көшелерінің қиылыстарында, сондай-ақ Қашаубаев пен Астана көшелерінде де салынбақ.

-  Тұрғындардың  айтқан ұсыныстары бойынша 4 км тротуарларды  жөндеу жоспарланып отыр, - деді қала әкімі Жақсылық Омар. - Оған Гагарин бульвары бойымен, Мостовая, Ғарыш, Тынышпаев, Вострецов көшелері, Абай даңғылы және т.б. бойындағы тротуарлар кіреді. Ал   Красин, Панкратьев, Калинин, Грузинская және басқа көшелері бойына 446 жарық шамдарын орнатуды жоспарлап отырмыз.

Қала басшысының  айтуынша, ең бастысы  - күн жылығанан кейін, конкурстық рәсімдерді уақытында өткізіп, жұмысқа бірден кірісетін мердігерлерді анықтау. Олар жөндеу жобаларының аяқтау мерзімін қысқартып, жөндеуді 1 шілдеге дейін аяқтамақ.

Жиында облыс орталығындағы ықш амаудандарға атау беру туралы ұсыныс жасалды.  Мысалы, қаланың бұрынғы Октябрь және Үлбі аудандарына Ертіс пен Үлбі көпір атаулары берілуі сынды. Сондай-ақ, Өскемендегі 19, 23  жаңа шағын аудандарына да  цифрлық емес, дыбыстық атаулар берілсін деген ұсыныс түсті.

- Өте қызықты әрі маңызды ұсыныс, - деп түйіндеді Жақсылық Мұқашұлы. - Өкінішке орай, облыстық маңызы бар қалалардың аудандары мен шағын аудандарына атау беру - бұл ел Үкіметінің құзырына жатады. Бірақ біз бұл ұсыныспен облыс әкіміне және ҚР Министірлер Кабинетіне міндетті түрде шығамыз. Олар бізді қолдайды деп үміттенемін...
Следующая →