Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Евгения Чех
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-да қатерлі дерт салдарынан болатын өлім саны азайып келеді

ШҚО-да өткен жылы онкологиядан 5440 науқас емделіп шықты

Шығыс Қазақстанда 2020 жылы онкологиялық науқастар саны 20538 адамды құрады. ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығы директоры Гүлмира Сағидуллинаның айтуынша, онкология үкім емес. Өңірде қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім тұрақты түрде төмендеп келеді. Бұл көрсетілетін мамандандырылған көмектің сапасы мен дертті уақытылы анықтаудың нәтижесі.

Өткен жылы Көпсалалы онкология және хирургия орталығында 5 440 науқас емделіп шықты. 2 мыңнан астам операция, сәулелік диагностика бөлімшесінде 16 мыңнан астам диагностикалық зерттеулер, орталықтың үш зертханасында 300 мыңға жуық зерттеу жүргізілді.

Сондай-ақ, мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетудің 13 заманауи әдісі енгізілді. Атап айтқанда, көкірек және көкірек қуысы ағзаларында видеоасистирленген торакоскопиялық операциялар.

Онкологиялық процестің дамуын ұстап тұруға көмектесетін таргеттік терапияның төрт жаңа желісі енгізілді. Науқастардың денесінде 1 жылдан 5 жылға дейін тұратын әрі қалыпты өмір салтын жүргізуге еш кедергі жасамайтын порт система мен пиклайн катетерлері орнатылуда. 2020 жылдың қыркүйегінен бастап аталған катетерлер 13 науқасқа қойылды.

Сондай-ақ, ел ішінде тек ШҚО көпсалалы онкология және хирургия орталығында қолданылатын серпінді инвазивті емес емдеу әдісін, яғни, MRgFUS магнитті-резонансты томографиясының бақылауымен фокусталған ультрадыбыс абляциясын ерекше атап өткен жөн.

Бұл қуық асты безін, сүйек метастаздарын және жатырдың түзілімдерін емдеудің тиімді тәсілі. Магнитті-резонанстық томографтың бақылауымен ультрадыбыстық толқындардың бағытталған энергиясы қатерлі ісікті қыздырып, сау терілерге әсер етпестен, оны жоюға ықпал етеді.

Жалпы облыс бойынша сырқаттану құрылымы төмендегідей:

1 орын - сүт безі обыры
2 орын - өкпе обыры
3 орын - асқазан қатерлі ісігі
4 орын - тік ішектің қатерлі ісігі
5 орын - тоқ ішектің қатерлі ісігі.
Следующая →