Этот сайт собирает метаданные пользователя (cookie, данные об IP адресах и местоположении). Это необходимо для функционирования сайта.
Продолжая пользоваться сайтом, Вы даете согласие на использование ваших cookie-файлов.
Бесқарағай ауданындағы "Айналайын" бөбекжайының балалары 1 ақпаннан бастап ауылдағы мектеп интернаттарының ғимаратында оқитын болады
- 2021 жылдың 1 ақпанынан бас-тап "Айналайын" бөбекжайындағы балалар ауылдағы мектеп интернаттарының ғимаратында оқитын болады. Әр мектеп интернат ғимаратында 15 баладан оқиды. Ғимарат жылы, ойын бөлмелері, жатын бөлмелер, дәретхана және асханасы толық жабдықталған. Барлығы санитарлық нормаларға сай. Біз балаларды барлық қажетті дүниелермен қамтамасыз еттік, - дейді Бесқарағай ауданның әкімі Шалқар Байбеков.Анықталғандай, "Айналайын" бөбекжайы апатты жағдайдағы құрлыстар тізіміне енгізілгендіктен балаларды интернат ғимаратына көшіруге мәжбүр болыпты.
- "Айналайын" бөбекжайының ішкі бөлмесінің едендері сынып жатыр. Арнайы сарапшы мамандардың шешімімен нысан уақытша жабылды. Енді бюджеттен қаржы бөлінсе, жөндеу жұмыстарын жүргізетін боламыз. Елдегі төтенше жағдайға байланысты интернат ғимараты бос болғандықтан бөбекжай балаларын осында көшірдік. Негізі бөбекжайда 90 бала бар. Қазір тек 30 баланы ғана қабылдай аламыз, - дейді Бесқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Самат Құдайбергенұлы.