Өскемен
пасмурно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -8°
  • Көкшетау
    -6°
  • Қостанай
    -5°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -9°
  • Петропавловск
    -8°
  • Тараз
    +1°
  • Туркестан
    +2°
  • Шымкент
    +5°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінде 2020 жылы атқарылған жұмыстар қорытындыланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және мемлекеттік қызмет көрсету сапасы туралы заңнама талаптарының сақталуын бақылау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталды

Еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам Ұлт жоспарында атап өткендей, Мемлекеттік қызмет істері агенттігі кәсіби мемлекеттік аппарат пен қоғамға есеп беретін мемлекет қалыптастыру бойынша ауқымды міндеттер кешенін орындауы қажет.

Олардың қатарына мемлекеттік қызметте меритократия қағидаттарын нығайту, оның тиімділігін, ашықтығын, бәсекеге қабілеттілігін күшейту, барлық деңгейдегі мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, азаматтармен тұрақты кері байланыс орнату, олардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, әкімшілік кедергілерді азайту жөніндегі шаралар кіреді.

Мемлекеттік аппараттың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін кадрларды уақтылы жасақтаудың маңызы зор. Бұған өткен жылы пандемия зардаптарын ескере отырып, тестілеу ережелері мен байқау ережелеріне енгізілген икемді заңнамалық өзгерістер ықпал етті.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Нұрлан Еркебаевтың айтуынша, азаматтардың қайта тестілеуге түсу мерзімі бір айдан 15 күнге дейін төмендетіліп, қатысу мүмкіндігі артты. Азаматтардың қауіпсіздігі үшін тестілеу орталықтарының жұмыс кестесі өзгертілді. Осылайша, өткен жылы заңнаманы білуге арналған тестілеуге 5 мыңнан астам үміткер қатысты, оның ішінде 2,5 мыңы – Б корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне, 2,7 мыңы-құқық қорғау органдарына.

- Конкурстың кезеңдері оңтайландырылды, тиімді құралдар енгізілді қатысу үшін қажетті құжаттар саны, электрондық түрде беру мүмкіндігі, үміткерлер мен байқаушылар үшін әңгімелесуге қашықтықтан қатысу қысқартылды. Карантиндік шаралар кезінде байқауды қысқа мерзімде әлеуметтік маңызы бар салаларға өткізу тетігі енгізілді, - деп атап өтті Нұрлан Еркебаев.

Өткен жылы облыстың мемлекеттік органдары 2 975 бос орынға конкурс жариялады.

Меритократия қағидаты оң іске асырылуда. Ішкі конкурстардың қорытындылары бойынша тағайындалған мемлекеттік қызметшілердің 67 пайызы лауазымы жоғарылады. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 9 пайызға көп.

Мемлекеттік аппараттың тиімді қызметі мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейімен тікелей байланысты. Сондықтан Мемлекеттік қызметке білімді, білікті мамандарды тарту басты міндеттердің бірі болып табылады. Нұрлан Еркебаевтың айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Департамент мемлекеттік қызмет саласындағы ҚР заңнамасының сақталуына және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдептің сақталуына мемлекеттік бақылауды тұрақты негізде жүзеге асырады.

Сонымен қатар, Департаменттің мемлекеттік қызметтегі әдептілік деңгейін арттыру бойынша жүргізіп жатқан белсенді жұмысы, мемлекеттік қызметтегі құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша профилактикалық және алдын алу жұмыстары өз нәтижелерін беруде.

Статистикалық деректерге сәйкес, мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлқы және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзу фактілері бойынша Департаментке келіп түскен азаматтардың өтініштерінің саны 2019 жылмен салыстырғанда 25 пайызға төмендеген. Өткен жылы 253 өтініш, ал 2019 жылы 349 өтініш берілді.

Бұдан басқа, ШҚО мемлекеттік органдары мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы бұзушылықтарды 30 пайызға қысқартты, өткен жылы 255 бұзушылық анықталды.

Сондай-ақ, есептік деректерді талдау мемлекеттік органдардың тәртіптік комиссиялары жұмысының оң динамикасын көрсетті, атап айтқанда тәртіптік жауапкершілікке тартылған мемлекеттік қызметшілердің саны 20 пайызға азайды.

Бүгінде мемлекеттік қызметшілердің этикасын қамтамасыз етуде Әдеп жөніндегі кеңестер мен Әдеп жөніндегі уәкілдер институты негізгі рөл атқарады. Олардың қызметінде этикалық бұзушылықтардың алдын алуға, оның ішінде әлеуметтік желілерде, азаматтар мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға басымдық берілген.

Атап айтқанда, Әдеп жөніндегі кеңестің 8 отырысының қорытындысы бойынша қызметтік тәртіпті нығайту, заңнаманы бұзудың алдын алу және ескерту бойынша 211 ұсыным әзірленді, бұл өткен жылдың көрсеткішінен 10 пайызға жоғары. Сонымен қатар, өткен жылы Әдеп жөніндегі кеңеспен қаралған мемлекеттік қызметшілерге қатысты тәртіптік істердің саны 20 пайызға азайды.
Следующая →