Өскемен
Бұлтты
-8°
  • Өскемен
    -8°
  • Семей
    -5°
  • Алматы
    -1°
  • Риддер
    -8°
  • Астана
    -2°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Ақтау
    +7°
  • Атырау
    +5°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    +1°
  • Қостанай
    -3°
  • Қызылорда
    +4°
  • Павлодар
  • Петропавловск
    +1°
  • Тараз
    +1°
  • Түркістан
    +7°
  • Орал
    -3°
  • Шымкент
    +5°
$
491.29
-0.39
562.92
-5.31
¥
71.25
-0.32
6.1
-0.10
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді анықтап, шешуді тапсырды

ҚР вице-премьері этносаралық қатынастар саласындағы мәселелерді анықтап, шешуді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов еліміздің барлық өңірлерінде этносаралық ахуал проблемаларына жүйелі түрде далалық зерттеулер жүргізіп, тиісті шешімдер табатынын айтты

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов республиканың Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне (АҚДМ) әр өңірдегі этносаралық қатынастар саласындағы проблемаларды қажетті шешімдерді әзірлеу үшін анықтауды тапсырды.
- Этносаралық салада практикалық шараларды іске асыруды күшейту қажет. Ол үшін этносаралық қатынастарға теріс әсер етуі мүмкін өңірлер бөлінісінде, тіпті, әрбір ауылға дейінгі проблемалық мәселелерді айқындау қажет, - деді Тоғжанов жұма күні АҚДМ алқа отырысында сөйлеген сөзінде.
Сонымен қатар, Тоғжанов "Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында "Тәуелсіздік ұрпағы" ұлттық жобасын әзірлеу қажет" деп атап өтті.
- Ол бойынша да бүгін нақты ұсыныс бар, біз онымен жұмыс істейміз. Ұлттық жоба аясында қазақстандық жастардың өзекті мәселелерін шешудің нақты жолдары қарастырылған, - деді вице-премьер.
Сонымен қатар, ол бизнесті қайырымдылыққа қатысуға ынталандырудың жаңа жолдарын әзірлеу қажеттігін айтты.

- Пандемия қайырымдылық мәселелері бойынша әзірленіп жатқан заң жобасы аясында адамдар арасындағы өзара көмекті дамытудың маңыздылығын көрсетті. Бизнесті қайырымдылық бағдарламаларына қатысуға ынталандыру бойынша жаңа жолдарды қарастыру қажет, - деп атап өтті Тоғжанов.
Следующая →