Өскемен
пасмурно
+6°
  • Өскемен
    +6°
  • Алматы
    +15°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +17°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +7°
  • Көкшетау
    +11°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +6°
  • Петропавловск
    +9°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
442.05
474.14
¥
61.07
4.74
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Назерке Кәрімова
Ақпарат көзі:
Устинка

Үржардағы ХҚКО жаңа ғимаратқа көшті

Осы аптадан бастап Үржар ауданының тұрғындары құжаттарды рәсімдеп, барлық қажетті анықтамаларды жаңа Халыққа қызмет көрсету орталығынан ала алады. Ол К. Игембаева көшесі, 65 мекенжайы бойынша орналасқан

Бұрын аудандық ХҚКО Абылайхан даңғылы, 45б мекенжайында болатын. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Азамат Есембуловтың айтуынша, жаңа ғимаратта мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін барлық жағдай жасалған. 
- Халыққа қызмет көрсету орталығы тар орын мәселесін шешу үшін ғимаратты ауыстырды. Халыққа ыңғайлы болу үшін жаңа ғимаратты Үржар ауылы бойынша орталыққа көшірдік. Сондай-ақ, жаңа ХҚКО-да мүмкіндігі шектеулі қызмет алушылар үшін барлық жағдай жасалынған, - деп хабарлады Азамат Есембулов.
Сонымен қатар, жаңа ХҚКО-да құжаттарды қабылдау үшін жұмыс терезелерінің саны да артқан. 
Естеріңізге сала кетейік, облыс бойынша барлық ХҚКО-лар штаттық режимде жұмыс істейді. Коронавирустық пандемия жағдайында қосымша қорғаныс шаралары қабылданды: санитайзерлер орнатылды, белгілер қойылды және т. б.. 

ХҚКО жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліссіз. Сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін. 
Следующая →