Өскемен
ясно
-10°
  • Өскемен
    -10°
  • Алматы
    +3°
  • Астана
    -7°
  • Ақтөбе
    -4°
  • Актау
    +10°
  • Орал
    +3°
  • Қарағанды
    -5°
  • Көкшетау
    -8°
  • Қостанай
    -8°
  • Қызылорда
    +3°
  • Павлодар
    -10°
  • Петропавловск
    -10°
  • Тараз
    +4°
  • Туркестан
    -5°
  • Шымкент
    +10°
$
498.55
+0.04
524.28
+1.44
¥
68.76
-0.05
4.75
-0.06
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

ШҚО-ның бірнеше ауданында тасқын суға дайындық жұмыстары басталды

Қыс ортасы болса да көктемде тасқын қаупі төніп тұрған елді мекендер анықталып, алдын алу шаралары қамдалуда

Облыс әкімі мәлімдегендей, бүгінде су тасқыны қаупі бар 94 елді мекен немесе 7191 тұрғын үй орналасқан 121 учаске анықталды. Мамандардың айтуынша, су басу қаупі Өскемен қаласы, Алтай, Катонқарағай, Тарбағатай, Глубокое және Бородулиха аудандарында орта деңгейден жоғары. 
- Осыған байланысты су тасқынына қарсы іс-шараларды өткізуге облыстық бюджеттен бірінші кезекте жарылыс және жағалауды нығайту жұмыстары үшін қажетті қаражат бөлінетінін атап өткім келеді. Сонымен қатар, барлық су қоймалардағы судың деңгейін бақылауды тоқтатпау қажет, оның ішінде "Қазсу" шаруашылығына қарасты аумақтар да бар, - деген болатын өңір басшысы Даниал Ахметов.
Айта кетейік, 10 ақпаннан бастап су басу қаупі бар учаскелерді тексеру, сондай-ақ облыс аумағындағы гидрологиялық жағдайға аэровизуалды мониторинг жүргізу жұмыстары басталады. 
- Өткен жылдарда болған су тасқынын ескере отырып, әкімдерге комиссия құру және алдын алу іс-шараларын бүгіннен бастау тапсырылды. Эвакуациялық пунктерді дайындап, оларды белгіленген талаптарға сәйкес жабдықтау қажет. Барлық тапсырмалардың орындалуын жұмыс тобы әр аудан және елді мекен бойынша жеке-жеке тексереді, - деді облыс әкімі.
Осы орайда айта кетейік, аудандар әлден іске кірісіп кетті. Аягөз қаласында Кіші Аягөз өзені өтетін Желтоқсан, Шакенов көшелерінде көктемгі су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айта кетейік. 

Бұл туралы Аягөз ауданының әкімі Сейілбек Ысқақов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Аудан басшысы жұмыстың барысымен танысып қайтқан екен.

- Өзендегі қатқан мұз арнасынан жоғары көтеріліп, маңайдағы үйлерге кіріп кетпеуі үшін мұзды ою жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды. Алдағы уақытта да сақтық шараларын басты назарда ұстайтын боламыз, - дейді аудан әкімі

Ал Глубокое ауданының әкімі Тамара Рахимжанова Глубокое және Белоусовка кенттеріндегі Глубочанка өзені арнасының су тасқыны қаупі бар учаскелеріне тексеру жүргізді.

- Глубокое кентінің әкіміне "Апельсин" дүкені маңайындағы Безымянный өзені арнасындағы ағаштар мен бұталарды кесуді тапсырдым, - дейді аудан әкімі. - Төтенше жағдайлар бойынша әкімнің орынбасары С. Кимасовқа Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы А. Оградовпен бірлесіп Глубочанка өзенінің арнасы бойындағы ағаштар мен бұталарды кесу жұмыстарын ұйымдастыру керектігін айттым. Сонымен қатар, аудан тұрғындарына өзендер мен бұлақтарды ластамауды ескертті. 
Следующая →