Өскемен
ясно
+9°
  • Өскемен
    +9°
  • Алматы
    +10°
  • Астана
    +13°
  • Ақтөбе
    +19°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +21°
  • Қарағанды
    +9°
  • Көкшетау
    +14°
  • Қостанай
    +16°
  • Қызылорда
    +17°
  • Павлодар
    +11°
  • Петропавловск
    +15°
  • Тараз
    +8°
  • Туркестан
    +22°
  • Шымкент
    +11°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде "Ра-курс" сурет көрмесі ашылды

Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінде суретші-сәулетші Василий Бильковтің "Ра-курс" атты сурет көрмесі ашылды

Көрмеде "Жаңажылдық ашықхаттар", ұмытыла бастаған "Плакат" өнері, біздің өңірде мүлдем белгісіз жапондық "Суйсеки" өнері негізінде жасалған 94 экспонат қойылған.
 - "Ра-курс" көрмесінің атауы тақырыптық материалдың ерекше, өткір көрсетілуін білдіреді. Фотосурет және кино өнерінде бұл кәсіби әдіс кадр-
 да ерекше мәнерлілікке қол жеткізуге мүмкіндік береді. "Ра-курс" суретшінің Өнер музейіндегі алғашқы көрмесі емес. Бұл көрмеде автор кескіндеме мен графиканы ғана емес, шындықты ерекше жеткізудің көркемдік әдісімен экспозицияға біріктірілген, - дейді Өнер музейінің қызметкері Сыйлық Кашей.
Суретшінің шығармашылық қиялы "Суйсеки" өнері арқылы тастағы табиғи суретті көркем туындыға айналдырады. Автор Жапон, Қытай және Кореяның эстетикасындағы тек қызғылт сакураға ғана емес, қарапайым тастарға да таңдануға болатынын дәлелдеді. Яғни, тастарды ешқандай қолмен немесе құралмен өңдеп, өзгертпей табиғи қалпында көрсету. Айта кетейік, көрме 2021 жылдың 13 қаңтарынан 14 ақпанына дейін жалғасады.
Следующая →