ШҚО жастары қайырымдылық жасап жарысуда
Қылышын сүйретіп жеткен қаңтар жылдағыдан ерекше қытымырлық танытып тұр. Ерікті жастар сақылдаған сары аязда халыққа қол ұшын созып, жәрдем көрсетіп жүр
Абай ауданы Қарауыл ауылында Айдос Сүлейменов пен Нұртас Болатұлы есімді азаматтардың бастамасымен Сүндетбай, Зере көшелерінің тұрғындарынан жиналған қаражатқа 7 жалғызбасты және көпбалалы аналардың отбасына бір-бір тонна көмір түсірілді.
Сонымен қатар, "Қамқорлық бізден" науқаны ұйымдастырылып, соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіліп, аулалары қалың қардан
тазартылды.
Следующая →
- Ата-бабаларымыздың сара жолын жалғастырып, бүгінгі күні өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп, білген-түйгендерін жастарға үйретіп отыратын ақ сақалды аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз. "Үлкенге - құрмет, кішіге - ізет" деген нақылды берік ұстанған жас буын қолдарынан келгенше көмектесуді өздеріне парыз санап отыр. "Қамқорлық" науқаны шеңберінде Абай колледжінің студенттерінен құралған "Абай ұрпақтары" еріктілер ұйымы ауылдағы қарт ата-апалардың үйлеріне барып, ауласын қардан тазартып, қораларына көмір түсірісіп қайтты, - деп мәлімдеді Абай ауданы әкімдігі.Үржар аудандық Жастар ресурстық орталығы мен "Жас сұңқар" еріктілер ұйымы бірлесе отырып аялдамаларда автобус тосып тұрған тұрғындар мен көшеде тазалық жүргізетін жұмысшыларға ыстық шәй тарату мақсатында "Жылулық сыйла" науқанын жүргізді.
Сонымен қатар, "Қамқорлық бізден" науқаны ұйымдастырылып, соғыс ардагерлеріне, жалғызбасты қарттарға көмек көрсетіліп, аулалары қалың қардан
тазартылды.
Тақырыптар:
Абай ауданы Қарауыл ауылында