Өскемен
пасмурно
-15°
  • Өскемен
    -15°
  • Алматы
    -2°
  • Астана
    -14°
  • Ақтөбе
    -5°
  • Актау
    +4°
  • Орал
    -2°
  • Қарағанды
    -13°
  • Көкшетау
    -13°
  • Қостанай
    -12°
  • Қызылорда
    -8°
  • Павлодар
    -16°
  • Петропавловск
    -15°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    -3°
$
513.55
-0.76
602.09
-0.94
¥
72.94
-0.07
6.42
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Өскеменде автобус жүргізушілері қандай заң бұзушылықтарға жиі жол береді?

Қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметінде "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінің қорытындылары туралы айтылды

"Автобус" жедел алдын алу іс-шарасын Өскемен қаласының тәртіп сақшылары қоғамдық көлік жүргізушілерінің техникалық регламенті, багаж бен жолаушыларды тасымалдау ережелері қалай сақталатынын анықтау үшін өткізуде, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары көліктен шығатын газдардағы зиянды заттардың деңгейін бақылайды.
- "Автобус" жедел алдын алу іс-шарасының алғашқы күнінде 50-ге жуық әкімшілік құқықбұзушылық анықталды, - деп хабарлады Өскемен қ. ПБ баспасөз қызметі.
Оның ішінде:
  • Мемлекеттік немесе міндетті техникалық байқаудан өтпеген тоғыз көлік құралы - ҚР ӘҚБтК 590-бабы 9-бөлігі;
  • Сыртқы жарық аспаптарын пайдалану қағидаларын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 602-бабы бойынша алты жүргізуші тартылды; 
  • ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы "Маневр жасау қағидаларын бұзу" бойынша жеті хаттама толтырылды;
  • Көлікті басқару кезінде жүргізушінің телефонды немесе радиостанцияны пайдалануының төрт фактісі анықталды - ҚР ӘҚБтК 591-бабы;
Техникалық байқаудан өтпегендіктен пайдалануға тыйым салынған бір көлік құралы анықталды. Ол мамандандырылған тұраққа қамалды.
Следующая →