ШҚО-да балалары үйірмелерге қатысатын ата-аналарға төлем ақысы жөнінде сауалнама жүргізілуде
Ата-аналарға балалары баратын шығармашылық және спорт үйірмелерінің ай сайынғы төлем ақысына байланысты бірнеше сауал қойылды
Сауалнама Аружан Саинның ҚР балалар құқығын қорғау сайтында жүргізілді.
Следующая →
- 2021 жылдың мамырынан бастап спорттық секциялардағы және шығармашылық үйірмелердегі балалар сабақтары ата-аналар үшін мемлекеттік тапсырыс шеңберінде тегін болады. Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларын орындау мақсатында әзірленген "Мәдениет туралы" және "Дене шынықтыру және спорт туралы" заңға осындай өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Бұдан былай бюджеттен бөлінген қаражат қосымша білім беру қызметтерін көрсететін барлық меншік нысандарындағы жеке меншік ұйымдарға (жеке кәсіпкерлер, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер және т.б.), спорт секцияларына және шығармашылық үйірмелерге жұмсалатын болады. Мемлекеттік тапсырыс бойынша қаражат алатындықтан енді ата-аналар ақы төлемейтін болады.Мектеп оқушыларының ата-аналары сауалнама сілтемесін бір-біріне жолдап таратып жатыр.