Өскеменде автобус жеткілікті, жүргізушілері жетіспейді
Өскемен қаласының тұрғындары ЖМК ықшам ауданына қатынайтын №17 және №46 автобустардың белгіленген кестеден үнемі кешігіп келетіндігін айтып шағымдануда
"Автобусты күте-күте шаршадық" деген қала тұрғындары жұмысқа бару үшін №17 автобусты сағаттап күтетіндіктерін айтады.
Тұрғындар №17 автобустан тыс №46 автобустың да сирек қатынайтындығын айтқан болатын.
Следующая →
- Күнделікті жұмысқа барып-келу бізге мұң болды. Себебі ЖМК ықшам ауданына қатынайтын №17 және №46 автобустар кестеден ылғи да кешігіп келеді. Жұмысқа бару үшін үйден бір сағат бұрын шығуға мәжбүрмін. Бәрінен бұрын аязда автобус күткен қиын екен. 40 минут бойы күттім. №60 автобус осы аралықта 4-5 рет қатынап үлгерді. Сонда №17 автобус қайда жүр? Неге жиі қатынамайды? - дейді қала тұрғыны Еркежан Ахметбекова.Аязды күндері кейбір көлік жүргізушілері жол-жөнекей жолаушыларды ала кетіп жатты. Бір таксиге ары кетсе 4 адам ғана сыяды. Ал қалғандары ілуде бір жүрер автобусты күтіп тұруға мәжбүр.
- Автобус күнде осылай кешігіп жүреді. Қала әкімдігі қосымша бірнеше автобус шығарса жақсы болар еді. Қазір осы районда тұрғындар саны едәуір артып келеді. Кейде сыймай қалатынымыз тағы бар. Шарасыз екі-үш автобус ауыстырып әрең жетеміз. Кешке жұмыстан қайтқанда да автобуста иық тіресіп тұрамыз. Қала әкімінің "қала ішіне қатынайтын автобустар жеткілікті" дегені қайда? Бәрі өтірік. Тағы бір айта кететіні, кейде №17 автобус аялдамаларға тоқтамай өтіп кетеді. Кондуктор да аялдамаларды дауыстап айтып отырмайды. Келесі қайсы аялдама екенін сұрасаң, "керек болса өзің көріп ал" дейтіндерін қайтесіз. Сыпайылық дегенді ұмытқан олар, - дейді қала тұрғыны Айкерім Жайыққызы.Күнде таңертең жол-жөнекей жолаушыларды көлігімен ала кететін жүргізушіні сөзге тарттық.
- Әл-Фараби көшесінің тұрғынымын. Арнайы таски емеспін. Таңертең автобус жүрмей ме, әйтеуір, аялдамаларда адамдар көп тұрады. Жұмысым қала орталығында болғандықтан көлігіме қатты тоңған тұрғындарды сыйғанша отырғызып, тегін жеткізіп тастаймын, - дейді жүргізуші Ермек Асқар.Тұрғындардың сөзінің шындығына біз де көз жеткізіп қайттық. №17 автобусқа отырған бетіміз сол еді ішінде аяқ сыяр орын жоқ. Қысылып біз де кіріп кеттік. Ең қызығы автобуста "Ашық есік күні" болып жатыр екен. Яғни, есігі сынып, жабылмай қалғандықтан жолаушылар өздері қолмен тартып жауып отырды.
Тұрғындар №17 автобустан тыс №46 автобустың да сирек қатынайтындығын айтқан болатын.
- Мен орталық базарда сатушы болып жұмыс істеймін. Жұмыстан 19.00-де шығамын. ЖМК ықшам ауданына жету үшін №46 автобусқа отырамын. Десе де, автобус сирек қатынайды. Кейде 30-40 минуттай күтуге мәжбүрмін, - дейді Гүлмира есімді қала тұрғыны.Жауапты мамандарға хабарласқан едік олар автобус жүргізушілерінің жетіспейтіндігін айтып, алға тартты.
- Бізде автобустар жеткілікті болғанымен, жүргізушілер жетіспейді. Зейнетке шыққан жүргізушілердің көмегімен ғана автобустарды жүргізіп жатырмыз. Жастар бұл жұмысты істегісі келмейді. Себебі еңбекақысы аз. Оның үстіне жұмысы да ауыр. Таң бозынан түнге дейін жұмыс істеу қиын. Бізде автобустардың көбі ескі болғандықтан, кейде сынып қалады. Жолаушылар көлігін жаңартуға бідің қаржылық қуатымыз жетпейді. Осы мәселелерді шешу үшін әкімдіктен көмек сұрап отырмыз. Үкімет көмек көрсетсе, біз де туындаған кемшіліктерді түзететін боламыз, - деді Vosca жолаушылар тасымалдаушы мекеменің қызметкері Данияр Мұхтарұлы.
Тақырыптар:
Өскемен қаласының ЖМК ықшам ауданына