Өскемен
ясно
+12°
  • Өскемен
    +12°
  • Алматы
    +11°
  • Астана
    +16°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +22°
  • Орал
    +19°
  • Қарағанды
    +13°
  • Көкшетау
    +18°
  • Қостанай
    +23°
  • Қызылорда
    +18°
  • Павлодар
    +15°
  • Петропавловск
    +21°
  • Тараз
    +12°
  • Туркестан
    +19°
  • Шымкент
    +14°
$
443.35
475.54
¥
61.18
4.82
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Семейдегі заңсыз ағаш кескендер әлі анықталмады

Семей қаласының тұрғындары қала орталығындағы стоматологиялардың біріне жапсарлас бөлме салынып жатқанын байқаған. Белгілі болғандай құрылыс заңсыз болып шықты

Аталған стоматология құрылыс жүргізуге қалалық құрылыс бөлімінен ешқандай рұқсат қағазын алмаған. Мәселе бұнымен ғана шектелген жоқ. Тіс емдеу орталығының алдында өсіп тұрған пирамидалық теректер де оталып қалған.
- Ағаштарды кесу мәселесі бойынша тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөліміне жеті рет бардық. Өкінішке қарай, жетеуінде де ағаш кесуге рұқсат бермеді. Ал рұқсатсыз ағаштарды кесуге батпадық, - деген еді медициналық орталықтың директоры.
Қала орталығындағы заңсыз әрекеттерді анықтау үшін оқиға орнына Семей қаласының әкімі Ермек Сәлімов, қоғам қайраткерлері және тәртіп сақшылары барған.
- Ағаштарды кесіп жатқанда біреу суретке немесе видеоға түсіріп алмауы мүмкін емес. Шұғыл тергеу жүргізіңдер. Адамдардан жауап алыңдар. Қандай ара болғанын, қандай адамдар кескенін сұрап біліңдер, - деп қала әкімі нақты тапсырмалар берген.
Қоғам қайрат-керлері аталған іске тіс емдеу орталы-ғының қатысы жоқ екендігіне сеніп отырған жоқ. Олар орталықтың шынымен ағаштарды кесетін ниеті болғанын айтады. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі рұқсат бермесе де ағаштарды белгісіз біреулер кесіп тастаған.
Алайда медорталықтың директоры бұл айыппен келіспейтіндігін жеткізді.
Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің мәліметінше, заңсыз кесілген ағаштар саны - 13. Өкінішке қарай, ағаштардың заңсыз кесілу себебі әлі анықталмапты.
- Қала әкімдігінің 2018 жылғы 31 қаңтарындағы 171 нөмірімен бекітілген қаулысы негізінде кондоминум аумағының мемлекеттік актісіне сәйкес, Қабанбай батыр көшесі, 42 мекенжайында орналасқан Стоматологиялық емхананың пандус-перронын іргелес аумақты абаттандырумен қоса, реконструкциялауға рұқсат берілген. Заңсыз кесілген ағаштар саны - 13 дана. Семей қалалық ішкі істер бөлімі заңсыз ағаш кесілу себептерін анықтауда. Өкінішке қарай, ағаштың не себепті кесілгені анықталған жоқ. Кінәлі адам табылған жағдайда Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотына шағым беріледі, - дейді Семей қаласы ішкі саясат бөлімінің басшысы Айбек Самат.
Следующая →