Өскемен
ясно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +16°
  • Астана
    +20°
  • Ақтөбе
    +21°
  • Актау
    +21°
  • Орал
    +22°
  • Қарағанды
    +16°
  • Көкшетау
    +19°
  • Қостанай
    +20°
  • Қызылорда
    +26°
  • Павлодар
    +16°
  • Петропавловск
    +19°
  • Тараз
    +18°
  • Туркестан
    +20°
  • Шымкент
    +20°
$
447.4
-1.49
477.55
-0.38
¥
61.81
-0.21
4.76
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Оқиғалар Оқиғалар Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Екі ер адам ШҚО тас жолында үсіп қала жазады

Қуаныштарына орай, тәртіп сақшылары жоғалған 33 және 39 жастағы облыс тұрғындарын таба алды

13 қаңтар күні Катонқарағай ауданында Жаңа Хайрузов ауылынан Алыбай елді мекеніне жолға шыққан екі ер азамат діттеген жерлеріне жете алмай қалған. Себебі, олар мінген Ваз автокөлігі омбы қарға батып, жүрмей қойған.

Адасқандарды іздеуге №27 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мен тәртіп сақшылары шығып, оларды сағат кешкі 21.30 мөлшерінде тас жолдан 15 шақырым жерден тапқан.

Көмекке зәру болған жандар жақын маңдағы ауруханалардың біріне жеткізілді. Дәрігер қарап болған соң үйлеріне жіберілді. Катонқарағайлықтар аязда үсіп қалмау үшін көлік салонында қағаз өртеп жылынғандарын айтты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының бұзылуы, дауылдық ескерту хабарламалары келгенде, құтқарушылардың ескертпесіне мән беру керектігін мәлімдеді:

  • Елді мекендерден шықпаңыз;
  • Сапарға шығакмын деп бекінсеңіз, көлігіңізге күрек, арқан, отын, медициналық қорапша, жылы киім, азық-түлік, ыстық шай салып алғандарыңыз дұрыс;
  • Ауа райы туралы ақпаратты "Дәрмен" мобилдік қосымшасынан біле аласыз.
  • Құтқарушыларды автокөліктен шықпай күтіңіздер. 
  • Әр сағат сайын 10 минуттан көлікті оталдырып, жылытуға болады. 
  • Шұғыл көмек қажет болған жағдайда 102 немесе 112 жедел байланыс нөміріне қоңырау шала аласыз.


Следующая →