Өскемен
малооблачно
+11°
  • Өскемен
    +11°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +10°
  • Ақтөбе
    +16°
  • Актау
    +20°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +8°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +13°
  • Қызылорда
    +19°
  • Павлодар
    +10°
  • Петропавловск
    +11°
  • Тараз
    +16°
  • Туркестан
    +13°
  • Шымкент
    +19°
$
480.55
-2.39
533.75
-2.22
¥
67.85
-0.21
5.36
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Таунар Қайрат
Ақпарат көзі:
Устинка

Күршімде жаңа бассейн ашылды

Күршім ауылында көптен күткен жабық жүзу бассейнінің құрылысы аяқталып, барлық санитарлық талаптарды сақтай отыра, салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті

"Ауыл - Ел бесігі" бағдарламасы аясында салынған бес жүзу жолақты бассейн ғимаратында сауна, тамақ ішетін бөлме (буфет), жаттығу залы бар.
- Биыл індетке қарамай, ауданымыз үшін тың жаңалықтарға толы жыл болды. Олай дейтініміз, аудан орталығында көптен күткен жабық жүзу бассейні қолданысқа берілді. Аталмыш нысан ауданымызда жүзу спортын дамытып, халық игілігіне айналарына сенімдімін, - дейді Күршім ауданының әкімі Дулат Қажанов.
Ауданның көркейіп, жаңа нысанның ашылғанына жергілікті тұрғындар да дән риза. 
- Ауданымыз күн сайын көркейіп, жаңа бейнеге еніп келеді. Елдің ертеңі - жастар. Сондықтан жастарымыз мықты, батыл болуы үшін осындай спорттық нысандар әр ауылда болса жақсы болар еді, - дейді аудан тұрғыны Дәулет Темірханов.
Следующая →